25 Желтоқсан, 2016

Қырғызстан президенті Өзбекстанға барды

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
thumbs_b_c_e0548ac4065aeb348a3b22d44e409818-1 Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев - Шавкат Мирзиёев Өзбекстан президенті болып сайланғаннан кейін осы елге жұмыс сапарымен барған алғашқы шетел басшысы, деп хабарлайды Anadolu агенттігі.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Өзбекстанға жұмыс сапары барысында осы елдің алғашқы президенті Ислам Кәрімовтың зиратына барды.

Kırgızistan Cumhurbaşkanı Atambayev, Özbekistan'da

Самарқандта өткен келіссөздер барысында Өзбекстан мен Қырғызстан президенттері екіжақты келісім мәселелерін талқылады. Кездесу барысында Мирзиёев Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы байланыстарды нығайту қажеттіліктерін атап өтті. Сонымен қатар Өзбекстан президенті екі елдің сауда-экономикалық келісім мүмкіндіктерінің зор екенін айтты.

Өз кезегінде Атамбаев Өзбекстан мен Қырғызстан тарихы ортақ елдер екенін жеткізді.

"Өзбекстан мен Қызғызстан жері ежелде Қоқан хандығына кірген. Біз болашақта екі ел арасындағы байланыстарда шектеу болмауы үшін қолымыздан келгенін жасау керекпіз", деді Атамбаев.