25 Желтоқсан, 2016

Елбасы «Диаконт» компаниясында болды

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында Санкт-Петербургтегі өндіріске қажетті заманауи жоғарытехнологиялы құрылғылар шығаруда әлемде көш бастап тұрған компаниялардың бірі саналатын «Диаконт» АҚ кәсіпорнында болды. Елбасы оған Ресей Президенті Владимир Путинмен бірге барды. «Диаконт» - өндірісте ғылымның тиімділігін арттыруға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған жоғары технологиялы құрылғылар шығарумен әлемге аты әйгілі кәсіпорын. Бүгінде бұл кәсіпорында әлемдік деңгейдегі жоғары сапалы, инновациялық өнімдер шығарылады. Мәселен, диагностика мен жөндеу жұмыстарына арналған робототехникалық кешендер, радиацияға төзімді телевизиялық камералар, атом энергиясына арналған техникалық үдерістерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері сияқты құрылғылар жасайды. Қазақстанда «Диаконттың» диагностикалық роботтары 2009 жылдан бері қолданыста. Ол «Интергаз-Центральная Азия» компаниясының жұмысына енгізілген. Сондай-ақ, радиацияға төзімді камералары бес жылдан бері Энергетика министрлігінің «Ядролық физика институтында» нәтижелі жұмыс істеуде. Ал 2016 жылдан бері Қарағандыдағы "Турбомеханикалық зауыттағы" америкалық құрылғылардың орнын осы «Диаконттың» әлдеқайда күшті әрі тиімді өнімдері алмастыра бастады. 6 5 4 2 Динара БІТІКОВА, «Егемен Қазақстан». Санкт-Петербургтен