Алматы Халықаралық әуежайында ұшақтардың кеш келуіне және ауа райының қолайсыздығына байланысты 15 рейстің ұшырылу уақыты кейінге шегерілді, деп хабарлайды әуежай баспасөзі.
Бүгін сағат 8:00 кезіндегі жағдай бойынша мына рейстердің ұшуы кешіктіріледі:
1. KC907 Алматы-Дели (Дели әуежайының уақыт белгілеуіне байланысты). «Эйр Астана» әуе компаниясы
2. DV729 Алматы-Қостанай (Техникалық себептерге байланысты ұшақты ауыстыру). СКАТ ӘК;
3. S73288 Алматы-Новосибирск (Ұшақтың кеш келуіне байланысты). «Сибирь» ӘК;
4. SU1941 Алматы-Мәскеу (Ұшақтың кеш келуіне байланысты). «Аэрофлот» ӘК;
5. DV733 Алматы-Астана (Ұшақтың кеш келуіне байланысты). СКАТ ӘК;
6. FZ736 Алматы-Дубай (Ұшақтың кеш келуіне байланысты). «Флайдубай» ӘК;
7. KC9310 Алматы-Бангкок (Қызмет көрсету уақытының аздығына байланысты кешігу). «Эйр Астана» ӘК;
8. КС109 Алматы-Бишкек (Бортсеріктердің қателігіне байланысты). «Эйр Астана» ӘК.
9. DV739 Алматы-Жезқазған (Ұшақтың кеш келуіне байланысты). «СКАТ» ӘК;
10. DV706 Алматы-Шымкент (Ұшақтың кеш келуіне байланысты). «СКАТ» ӘК;
11. DV731 Алматы-Ақтау (Ұшақтың кеш келуіне байланысты). «СКАТ» ӘК;
12. Z92115 Алматы-Атырау (Ұшақтың кеш келуіне байланысты). «БекЭйр» ӘК;
13. DP834 Алматы-Самара (Самара әуежайындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты). «Победа» ӘК;
14. DV737 Алматы-Петропавл (Петропавл әуе жайындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты). «СКАТ» ӘК;
15. PS538 Алматы-Киев (Ұшақтың кеш келуіне байланысты) Украина әуе жолдары.