26 Желтоқсан, 2016

Ұлттық банк «Қазкоммерцбанкке» қарыз берді

84 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ҚР Ұлттық банкі «Қазкоммерцбанк» АҚ-ға қысқа мерзімді уақытқа 400,8 млрд. теңге көлемінде заем берді. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі хабарлады. «Ұлттық Банк басқармасы осыған дейін «Қазкоммерцбанк» АҚ-ға банктің жүйелік маңыздылығын ескере отырып, 400,8 млрд теңге сомасында қысқамерзімді қаржыландыру беру туралы шешім қабылдаған болатын. Қарыз банк клиенттерінің алдындағы міндеттемелерді орындау үшін өтімділіктің қосымша қорын қамтамасыз ету мақсатында берілді. Бүгінгі күні банк өтімді активтердің жеткілікті көлеміне ие. Бұл оған қарызды ішінара мерзімінен бұрын өтеуге мүмкіндік берді. «Қазкоммерцбанк» АҚ Ұлттық Банкке бұрын бөлінген қаражаттың жартысын қайтарды», - делінген ҚР Ұлттық банкі таратқан хабарламада. Сондай-ақ, Ұлттық банктен атап өткендей, қазіргі уақытта банктерді капиталдандыруды ұлғайту банк секторының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басым бағыттарының бірі болып есептеледі. Осыған байланысты, Ұлттық Банк ағымдағы қадағалау процесі шеңберінде акционерлермен, оның ішінде «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның акционерлерімен капиталдандыру деңгейін арттыру жөнінде келіссөздер жүргізуде.
Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20