26 Желтоқсан, 2016

Астанада Президент шыршасы өтті (фото)

592 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
unnamed-1 26 желтоқсан күні Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан Жаңа жылдық шырша өтті. Шараға Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қатысты. Жаңа жылдық шараның тақырыбы "ЕХРО жаңа жылдық алауы". unnamed-6 Іс-шараға 200 бала қатысты. Оның ішінде 28 - жетім, 79 - ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, 14 - мүмкіндігі шектеулі, 55 - аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан, 24 - дарынды бала. Қатысушылардың жасы 9 - дан 13 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. unnamed-3 Мерекелік бағдарлама аясында мектеп оқушыларының техникалық шығармашылық көрмесі, ертегі әлеміндегі кейіпкерлердің қатысуымен шоу-қойылымдар, жаңажылдық сыйлықтар, тәтті үстел ұйымдастырылды. Шара барысында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың видеоқұттықтауы көрсетілді. unnamed-4 "Далада қыс. Бірақ үй ішінде жылулық бар. Қалалар мен ауылдар жаңа жылдық шыршалармен безендірілген. Олардың түбінен балалар сыйлық іздейтін болады. Осы күнде ғана емес, басқа күндері де сендердің бір-бірлеріңе көмектесіп, қолдау көрсеткендерің маңызды", деді Президент. unnamed-5 "Жаңа жыл - ғажайыптар мен сиқырлар уақыты. Біз үлкен болсақ та, ғажайыпқа сенеміз. Еңбек пен бірлік, Отанға деген сүйіспеншілік кез келген армандарыңды орындауға септігін тигізеді. Сендер осы мерекеге лайықсыңдар", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. unnamed-2 Рауан Қайдаров, "Егемен Қазақстан". Суреттерді түсірген Ерлан Омаров