26 Желтоқсан, 2016

Туристердің құқықтары кепілдендіріледі

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Туристік Қамқор» корпоративтік қоры шетелде қалып қойған Қазақстан азаматтарын елге қайтару бойынша шаралар қабылдайды. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сыртқы туризм саласында ҚР азаматтарының құқығын кепілдендіру жүйесінің негізгі ережелері түсіндірілді. Инвестициялар және даму министрлігі туризм индустриясы департаментінің дерегі бойынша, 2014-2015 жылдары жауапсыз туристік нарық өкілдерінің кесірінен көптеген отандық туристердің шет елдерде орналасқан орындарының ақысы мен кері қайтатын жол ақылары төленбей қалған. Енді осындай жағдайлар орын алатын болса, «Туристік Қамқор» корпоративтік қоры шетелде қалып қойған Қазақстан азаматтарын елге қайтару бойынша шаралар қабылдайды. Еске сала кетейік, биыл 7 қарашада Қазақстан Республикасының Үкіметі туроператорлардың өздеріне жүктелген міндеттерін дұрыс орындамаған жағдайында отандық туристерді елге қайтару мәселелерін реттейтін, яғни, азаматтарымызды уақытша қалып қойған елдерінен Қазақстан территориясына алып келуді қамтамасыз ететін 2 қаулы қабылдады. Айдар Өрісбаев, "Егемен Қазақстан".