Белгілі қазақстандық спортшы Илья Ильин Астана қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушісі Владимир Мигуновқа білім беру депозитін ашты. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Ильиннің айтуынша, мұндай игі іс оны ерекше сезімге бөлеп отыр әрі алдағы уақытта 13 жастағы баламен тығыз қарым-қатынаста болады.
«Әріптестерімнің мұндай істі бастағанын естіп, қуана-қуана қатысып отырмын. Не себепті? Біріншіден, жастарға қолдау көрсету керек. Әсіресе, алдына мақсат қойып, биікке ұмтылғысы келетін бүлдіршіндерге материалдық жағынан көмек беруіміз қажет. Владимирмен танысып, кішкене де болсын қол ұшымды беруді жөн көрдім. Балақайға қарап-ақ болашағы зор екенін байқауға болады», – деді Ильин.
Ағалық сезімге бөленген спортшы Владимирге алдағы уақытта да көмек көрсететінін жасырмады.
«Әлемге әйгілі баскетболшылардың бірі болып, Отаныма қызмет етуді армандаймын. Илья Ильинмен жақын танысқаныма қуаныштымын. Спорт пен сабағымды қатар алып жүру маған еш кедергі келтірмейді», – деді бүлдіршін.
«Алдыңда сынаққа толы өмір күтіп тұр. Спортшы болу үшін күн-түн талмай жаттығуың керек. Шет тілдерін көбірек меңгер. Саған өмірлік тәжірибеммен жиі бөлісіп тұрамын», – деді Ильин.
Айта кетейік, депозиттің алғашқы төлемі 50 мың теңгені құрады. Бұған дейін осы акцияға Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит қатысып, Алтынбек Бағыбергеновтің атына депозит ашқан.
• 26 Желтоқсан, 2016
Ильин балалар үйінің тәрбиеленушісіне көмек берді

Астанада Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды
Елорда • Бүгін, 02:45
Қоғам • Кеше
«Атырау» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Кеше
Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Мобилді операторды ауыстыру тәртібі өзгеретін болды
Қоғам • Кеше
25 ақпанға дейін салықтарды төлеп үлгеріңіз
Салық • Кеше
«Реал» бас бапкерге байланысты шешім қабылдады
Футбол • Кеше