26 Желтоқсан, 2016

Қазақстан мен Иран Каспий теңізі арқылы сауда келісіміне қол қойды

443 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханидің Қазақстан Республикасына сапары аясында Каспийдегі теңіз сауда кеме қатынасы туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігі. Бұл халықаралық келісім Қазақстан мен Иран арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған және екі ел арасындағы теңіз жүк тасымалын дамытуға оң әсерін тигізеді. Бүгінгі күні Иран Ақтау портынан келіп түсетін экспорттық жүктердің негізгі тұтынушыларының бірі болып табылады. Жыл сайын Иранның солтүстік порттарынан 2 млн.тоннаға жуық әр түрлі жүктер тасымалданады. Қол қойылған үкіметаралық келісім қазақстандық және ирандық кеме қатынасы компаниялары арасындағы тең бәсекелестік жағдайларды құруға, кеме құжаттарын өзара мойындауды қамтамасыз етуге, порттардың қол жетімділігіне және порттық алымдарды төлеу кезінде тең жағдайда болуына мүмкіндік береді.