26 Желтоқсан, 2016

Молдова Қазақстанмен ынтымақтастықты арттыруға ынталы

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстанның Украинадағы елшісі Самат Ордабаев Кишинев қаласының Республика сарайында өткен Молдова Президенті Игорь Додонның инаугурациясы рәсіміне қатысты, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі. Салтанатты рәсім аяқталғаннан кейін Самат Ордабаев Игорь Додонмен кездесті, кездесу барысында Молдованың Президенті Қазақстан басшысына құттықтау сөздері мен жылы лебіздері үшін алғыс білдірді. И. Додон Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттің қалыптасуындағы рөлін ерекше атап өтті, сондай-ақ мемлекетаралық қатынастардың ауқымды жиынтығы бойынша екіжақты ынтымақтастықты өсіруге дайындығын айтты. Самат Ордабаев Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық және институционалдық реформалар туралы айтты, өңдеу саласында, ғылым және білім саласындағы, туристік саладағы Қазақстан-Молдова ынтымақтастығының болашағын ерекше атап өтті. Инаугурацияға 700-ден астам қонақ қатысты, олардың арасында мемлекет қайраткерлері, дипломатиялық миссиялардың басшылары, көрнекті мәдениет қайраткерлері, партиялардың көшбасшылары және басқалары бар. И. Додон 2016 жылғы 13 қарашада өткен президент сайлауының екінші турының нәтижелері бойынша Молдова басшысы болып сайланған.