26 Желтоқсан, 2016

3 жылда 16 мың қазақстандық білім беру депозитін ашты

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
16 мың қазақстандық Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ) бойынша 3 жыл ішінде 7,8 млрд теңге сомасына білім беру депозиттерін ашқан, деп хабарлады ҚР БҒМ. Статистика көрсетіп отырғандай, МБЖЖ жүйесіне сенім өсіп келеді. Мемлекеттік бағдарлама іске қосылғаннан бері үш жыл ішінде 16000 салым салушы 7,8 млрд теңге сомасына білім беру депозиттерін ашқан. МБЖЖ – жаңа қаржы құралы, оның арқасында ҚР әрбір азаматының қатысушы банкте білім беру жинақтау депозитін ашу және өз мүмкіндіктеріне қарай кәсіптік-техникалық/жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға жинақтау мүмкіндігі бар. ҚР Білім және ғылым министрлігінде мұндай депозиттің артықшылығы банктік сыйақы және мемлекеттік сыйлықақы есебінен 19-21% мөлшерінде кіріс алу болып табылатыны атап өтілді.