26 Желтоқсан, 2016

Еуроодақ босқын балаларды оқытуға 270 млн еуро бөлді

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Еурокомиссия сириялық 70 мың босқын баланы оқыту үшін 270 миллион еуро бөлді, деп хабарлайды 24 Хабар. Қаржы Түркияның оңтүстігінде және оңтүстік-шығыс өңірінде 100 мектеп салуға әрі оқу ошақтарын қажетті құралдармен жабдықтауға жұмсалады. Еуроодақ ағымдағы жылдың наурыз айынан бері Түркияда жүрген босқындарға көмек ретінде 2 миллиард 200 мың еуродан астам қаржы ұсынды. Еуропалық саясат мәселелерін кеңейту жөніндегі комиссар Йоханнес Ханның айтуынша, мектеп салып, керек-жарақпен жабдықтау босқын балаларға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Еуроодақ алдағы кезде денсаулық сақтау және әлеуметтік-экономикалық даму жөнінде келісімдер жасауды көздеп отыр.