27 Желтоқсан, 2016

Қазақстан Республикасының Заңы № 28-VI ҚРЗ

179 рет
көрсетілді
44 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне  экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республи­ка­сының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Респуб­ликасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-І, 13-ІІ, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 67-құжат; № 12, 87-құжат): 1) 51-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жіберу осы адамның Қазақстан Республикасының аумағына кіруіне бес жыл мерзімге тыйым салу белгілене отырып, мәжбүрлеу тәртібімен орындалады.»; 2) 170-бапта: бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «мүлкi тәркiленiп, он екі жылдан он жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «мүлкi тәркiленiп, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға, не өлiм жазасына жазаланады.»; 3) 171-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; 4) 172-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостан­дығынан айыруға жазаланады.»; 5) 173-бапта: екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «мүлкi тәркiленiп, он бес жылдан жиырма жылға дейiн­­­гi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; 6) 179-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «он екі жылдан он жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; 7) 181-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «он екі жылдан он жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; 8) 182-бапта: бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «мүлкi тәркiленiп, он жылдан он жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «мүлкi тәркiленiп, сегіз жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, он екі жылдан он жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; 9) 184-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «мүлкi тәркiленiп, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға, не өлiм жазасына жазаланады.»; 10) 255-бапта: бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «мүлкі тәркіленіп, алты жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «мүлкі тәркіленіп, он екі жылдан он жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға, не өлiм жазасына жазаланады.»; 11) 256-бапта: бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «мүлкі тәркіленіп, бес жылдан тоғыз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; 12) 257-бапта: бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «мүлкi тәркiленiп, он жылдан он жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «мүлкi тәркiленiп, он екі жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; 13) 258-бапта: бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «мүлкі тәркіленіп, бес жылдан тоғыз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; 14) 259-бапта: бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; 15) 269-бапта: екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «мүлкi тәркiленiп, сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; 16) 270-бапта: екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «мүлкi тәркiленiп, сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.». 2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Респуб­лика­сының Қылмыстық-процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-І, 15-ІІ, 88-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 67-құжат; № 12, 87-құжат): 1) 187-бапта: бірінші бөліктегі «255, 256, 257, 259» деген цифрлар «255 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 257» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөлікте: «287 (төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде),» деген сөздер алып тасталсын; «291,» деген цифрлар алып тасталсын; «297» деген цифрлар «297 (бірінші және екінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын; «394 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде),» деген сөздер алып тасталсын; бесінші бөлік: «182,» деген цифрлардан кейін «255 (бірінші және екінші бөліктерінде), 256, 259,» деген сөздермен толықтырылсын; «286 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде),» деген сөздерден кейін «287 (төртінші және бесінші бөліктерінде),» деген сөздермен толықтырылсын; «290 (екінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «291, 297 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 394 (екінші және үшінші бөліктерінде),» деген сөздермен толықтырылсын; жетінші бөлік «ұлттық қауiпсiздiк» деген сөздерден кейін «, ішкі істер» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 191-бапта: екінші бөліктегі «394 (бiрiншi бөлiгiнде),» деген сөздер алып тасталсын; он бірінші бөлік «ішкі істер» деген сөздерден кейін «, ұлттық қауіпсіздік» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 11-1-бөлікпен толықтырылсын: «11-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 394 (бiрiншi бөлiгiнде)-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық туралы iстер бойынша анықтауды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған Қазақстан Республикасының iшкi iстер немесе ұлттық қауіпсіздік органдары жүргiзедi.»; жиырма төртінші бөлік «ішкі істер» деген сөздерден кейін «, ұлттық қауіпсіздік» деген сөздермен толықтырылсын. 3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республи­ка­сы­ның Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Рес­пуб­­ликасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 17, 91-құ­жат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құ­жат; 2015 ж., № 7, 33-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат): 70-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу жөніндегі заңды күшіне енген сот үкімін орындау мәжбүрлеу тәртібімен жүргізіледі. Шығарып жіберу Қазақстан Республикасының аумағына кіруге бес жыл мерзімге тыйым салу белгілене отырып, шығарып жіберілетін көшіп келушіні Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына дейін шығарып салу арқылы жүзеге асырылады.». 4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республи­касының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құ­жаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құ­жат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құ­жаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжат­тар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-І, 49, 50-құ­жаттар; № 7-ІІ, 53, 57-құжаттар; № 8-І, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; 2016 жыл­ғы 6 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казах­станская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актіле­ріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойын­ша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұнында: мынадай мазмұндағы 53-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «53-1-бап. Қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру»; 191, 436, 484 және 485-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын: «191-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын иелену, сақтау, есепке алу, тасымалдау және олармен сауда жасау тәртібін бұзу»; «436-бап. Елдi мекендерде атыс қаруынан, газды, пневматикалық, лақтырылатын және электрлі қарудан оқ ату, пиротехникалық бұйымдарды қолдану»; «484-бап. Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекция­лық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу 485-бап. Атыс, ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қаруды, пневматикалық, лақтырылатын және электрлі қаруды құқыққа сыйымсыз қолдану»; мынадай мазмұндағы 485-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «485-1-бап. Атыс тирлері (атыс орындары) мен стенд­терін ашу және олардың жұмыс істеу тәртібін бұзу»; 486 және 493-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын: «486-бап. Азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу»; «493-бап. Тұрғынжай меншік иесiнiң немесе қарама­ғында тұрғынжайлар, ғимараттар және (немесе) үй-жайлар бар басқа да тұлғалардың оларда нақты тұрмай­тын жеке тұлғаларды тіркеуге жол беруі не меншік иесіне тиесілі немесе басқа да тұлғалардың қарамағындағы тұрғынжайларда, ғимараттарда және (немесе) үй-жайларда тіркелген және тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеуден шығару жөнінде шаралар қолданбауы не жеке тұлғалардың тіркеусіз тұруына жол беруі»; мынадай мазмұндағы 918-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «918-1-бап. Қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру туралы қаулыны орындау»; 2) 52-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: «3) қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру.»; 3) мынадай мазмұндағы 53-1-баппен толықтырылсын: «53-1-бап. Қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру Осы Кодекстің 436-бабының бірінші бөлігінде, 484-бабының бірінші бөлігінде, 485-бабының бірінші бөлігінде және 486-бабының бірінші бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтарды жасаған азаматтық және қызметтік қарудың иелері мен пайдаланушылары қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсыруға жіберіледі. Қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеруге жіберу туралы қаулыны осы Кодекстің көрсетілген баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органдар (лауазымды адамдар) шығарады.»; 4) 149-бапта: бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Террористiк тұрғыдан осал объектінің меншік иесінің, иеленушісінің не басшысының не террористiк тұрғыдан осал объект бойынша күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектісінің өзiне сенiп тапсырылған объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамауы және (немесе) тиiсiнше орындамауы –»; екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «үш айға дейінгі мерзімге қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға немесе лауазымды адамдарға – екі жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 5) 191-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «191-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын иелену, сақтау, есепке алу, тасымалдау және олармен сауда жасау тәртібін бұзу»; бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Тиісті лицензиялары бар заңды тұлғалардың азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын иелену, сақтау, есепке алу, тасымалдау және олармен сауда жасау тәртібін бұзуы – »; 6) 436 және 484-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «436-бап. Елдi мекендерде атыс қаруынан, газды, пневматикалық, лақтырылатын және электрлі қа­рудан оқ ату, пиротехникалық бұйымдарды қолдану 1. Елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда атыс қаруынан, газды, электрлі (өзін-өзі қорғау жағдайларын қоспағанда), пневматикалық және лақтырылатын қарудан оқ ату – қару тәркiленіп, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Жеке тұлғалардың тыныштығын, белгiленген тәртiптi бұзатын және iрi материалдық залал келтiруге әкеп соқпаған, елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда пиротехникалық бұйымдарды қолдану – пиротехникалық бұйымдар тәркiленіп, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған әрекеттер – пиротехникалық бұйымдар тәркiленіп, ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға немесе жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 4. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған, сол сияқты осы Кодекстің 437-бабында көзделген құқық бұзушылық үшiн бiр жыл iшiнде әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адам жасаған әрекеттер – әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не заты болып табылған зат тәркiленіп, отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Ескертпе. Осы Кодекстің 436 және 482-баптарына сәйкес тәркіленген, одан әрі пайдалануға жарамсыз, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық және қызметтік қару ретінде айналымға ­тыйым салынған қару осы Кодекстің 795-бабында көзделген тәртіппен жойылуға жатады.»; «484-бап. Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу 1. Қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге iшкi iстер органдарының рұқсаты бар адамдардың азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзуы – жеке тұлғаларға – он, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет – жеке тұлғаларға – жиырма, заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 7) 485-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «485-бап. Атыс, ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қаруды, пневматикалық, лақтырылатын және электрлі қаруды құқыққа сыйымсыз қолдану»; бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «1. Атыс, ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қаруды, пневматикалық, лақтырылатын және электрлі қаруды құқыққа сыйымсыз қолдану, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, – қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрып, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»; екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 8) мынадай мазмұндағы 485-1-баппен толықтырылсын: «485-1-бап. Атыс тирлері (атыс орындары) мен стенд­терін ашу және олардың жұмыс істеу тәртібін бұзу 1. Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу тәртібін бұзу – атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу құқығына рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрып, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет – қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 9) 486-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «486-бап. Азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу»; бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «1. Азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін: 1) жеке тұлғаның қаруды иеленгеннен кейiн оны тiркеу және сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат алу; 2) жеке тұлғаның азаматтық қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзарту үшін iшкi iстер органына техникалық қарап тексеру үшін қаруды және құжаттарды ұсыну; 3) қару иесiнiң өзіне тиесiлi қарудың жоғалғаны немесе ұрланғаны туралы iшкi iстер органын хабардар ету; 4) жеке тұлғаның тұрғылықты жерді өзгерткен кезде қа­руды есепке қою үшiн iшкi iстер органдарына өтiнiш жасау; 5) заңды тұлғаның қызметтiк, азаматтық, коллекциялық қаруды иеленгеннен кейiн оны iшкi iстер органдарында тiркеу; 6) азаматтық қарудың иесі қайтыс болған жағдайда оны қайта тіркеу немесе комиссиялық өткізуге тапсыру; 7) заңды тұлғаның қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталған, сол сияқты оны ішкі істер органдарымен келіспестен филиалдарға (өкілдіктерге) беру кезінде қаруды тіркеу (қайта тіркеу) үшін ішкі істер органдарына өтініш жасау мерзімдерінің бұзылуынан болған бұзушылық – жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 10) 490-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы «әкелуге,» деген сөзден кейін «әзірлеуге,» деген сөзбен толықтырылсын; 11) 492 және 493-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «492-бап. Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының күнтізбелік он күннен бір айға дейінгі мерзімде жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тiркеусіз тұруы – ескерту жасауға әкеп соғады. 2. Қазақстан Республикасы азаматтарының бір айдан астам мерзімде жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тiркеусіз тұруы – жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Осы баптың бірiншi және екінші бөлiктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет – он үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 4. Қазақстан Республикасында шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның күнтізбелік он күннен астам мерзімде тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз не тұруға ықтиярхатсыз немесе азаматтығы жоқ адам куәлiгінсiз не тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адам куәлігі жарамсыз болып тұрақты тұруы, сондай-ақ ішкі істер органдарын паспорттың, тұруға ықтиярхаттың не азаматтығы жоқ адам куәлігінің жоғалғаны туралы уақтылы хабардар етпеуі – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 5. Осы баптың төртінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейін бір жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Ескертпе. Осы баптың бірінші бөлігінің Қазақстан Рес­пуб­ликасы азаматтарының уақытша болатын (тұра­тын) жері бойынша тіркеусіз тұруы туралы талабы уақыт­­ша болатын (тұратын) жері бойынша бір айға дейін­гі мер­зімде тұратын уақытша тұрғындарға қолданылмайды. 493-бап. Тұрғынжай меншік иесiнiң немесе қарамағын­да тұрғынжайлар, ғимараттар және (немесе) үй-жайлар бар басқа да тұлғалардың оларда нақты тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеуге жол беруі не меншік иесіне тиесілі немесе басқа да тұлғалардың қарамағындағы тұрғынжайларда, ғимараттарда және (немесе) үй-жайларда тіркелген және тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеуден шығару жөнінде шаралар қолданбауы не жеке тұлғалардың тіркеусіз тұруына жол беруі 1. Тұрғынжай меншік иесінің немесе қарамағында тұрғынжайлар, ғимараттар және (немесе) үй-жайлар бар басқа да тұлғалардың меншiк иесiне тиесілі немесе басқа да тұлғалардың қарамағындағы тұрғынжайларда, ғимараттарда және (немесе) үй-жайларда нақты тұрмайтын жеке тұлғаларды тiркеуге жол беруi – жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет – жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Тұрғынжай меншік иесінің немесе қарамағында тұрғынжайлар, ғимараттар және (немесе) үй-жайлар бар басқа да тұлғалардың меншiк иесiне тиесілі немесе басқа да тұлғалардың қарамағындағы тұрғынжайларда, ғимараттарда және (немесе) үй-жайларда тіркелген және тұрмайтын жеке тұлғаларды тiркеуден шығару бойынша шаралар қолданбауы – жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъек­тiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет – жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 5. Жалдауға берушінің (жалға берушінің) меншiк иесiне тиесілі немесе басқа да тұлғалардың қарамағындағы тұр­ғынжайларда, ғимараттарда және (немесе) үй-жайларда жеке тұлғалардың тiркеусіз тұруына жол беруi – жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 6. Осы баптың бесінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет – жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъек­тiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъек­тілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 12) 496-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.»; 13) 518-бапта: бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйым­дарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қы­рық бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есеп­тік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «жеке тұлғаларға – жиырма бес, лауазымды адамға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс бес айлық есеп­тік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есеп­тік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жет­піс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; бесінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 14) 675-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «3. Жеке күзет ұйымының күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерінің арнаулы киімін заңсыз киiп жүру (пайдалану) – арнаулы киім тәркіленіп, жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 15) 684-баптың бірінші бөлігінде: «485 (екiншi бөлiгiнде),» деген сөздер алып тасталсын; «496 (екiншi бөлiгiнде)» деген сөздер «496 (екінші және үшінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын; 16) 685-баптың бірінші бөлігінде: «485 (бірінші бөлігінде)» деген сөздер «485, 485-1» деген цифрлармен ауыстырылсын; «496 (бірінші және үшінші бөлiктерiнде)» деген сөздер «496 (бірінші бөлiгiнде)» деген сөздермен ауыс­тырылсын; 17) 726-баптың бірінші және екінші бөліктері «504» деген цифрлардан кейін «, 518, 519» деген цифрлармен толықтырылсын; 18) 795-баптың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «6. Алып қойылған атыс қаруы мен өзге де қару, сондай-ақ оқ-дәрiлер, арнаулы жедел-iздестiру іс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдар және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi айқындайтын тәртiппен сақталады немесе жойылады.»; 19) 804-бапта: бірінші бөлікте: 1) тармақшада: «485 (екінші бөлігі),» деген сөздер алып тасталсын; «496 (екінші бөлігі)» деген сөздер «496 (екінші және үшінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) тармақшадағы «485 (екінші бөлігі),» деген сөздер алып тасталсын; 46) тармақшадағы «485 (екінші бөлігі),» деген сөздер алып тасталсын; үшінші бөлікте: 4) тармақша «297,» деген цифрлардан кейін «485,» деген цифрлармен толықтырылсын; 5) тармақшадағы «485 (бірінші бөлігі)» деген сөздер «485» деген цифрлармен ауыстырылсын; 20) 821-бап мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын: «3-1. Азаматтық және қызметтік қару иесін және (немесе) пайдаланушысын қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсыруға жіберу кезінде қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеруге жіберу туралы қаулы шығарылады, оның көшірмесі емтихан тапсыруға жіберілетін адамға беріледі.»; 21) 917-баптың 2) тармақшасы «495 (екінші бөлігі),» деген сөздерден кейін «496 (екінші және үшінші бөліктері),» деген сөздермен толықтырылсын; 22) мынадай мазмұндағы 918-1-баппен толықтырыл­сын: «918-1-бап. Қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру туралы қаулыны орындау Қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру туралы қаулыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ішкі істер органдары орындайды.». 5. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республи­касының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, № 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат): 1) 140-баптың 3-тармағында: 12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «12) осы Кодекстің 133-бабының талаптары және iшкi iстер органдары жүргiзетiн жедел-профилактикалық iс-шаралар шеңберiнде Қазақстан Республикасының жарылғыш заттардың, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың заңды айналымы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына;»; мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырыл­сын: «12-1) Қазақстан Республикасының азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына;»; 2) 147-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықты­рылсын: «7. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрон­да­рының айналымына мемлекеттік бақылау жасау саласын­да ішкі істер органдары жүзеге асыратын тексеру­лерді жүргізу тәртібінің ерекшеліктері «Жекеле­ген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңында айқындалады.». «6. «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1991 ж., № 52, 636-құжат; 1995 ж., № 19, 117-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 10, 101-құжат; 2004 ж., № 19, 115-құжат; № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; 2015 ж., № 22-V, 158-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат): 1) 17-баптың бірінші бөлігінің 11) тармақшасындағы «айырылса, оның өтініші қабылданбайды.» деген сөздер «айырылса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын: «12) осы Заңның 21-бабы 8) тармақшасының негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса, оның өтініші қабылданбайды.»; 2) 21-баптың бірінші бөлігінің 7) тармақшасындағы «бойынша айырылады.» деген сөздер «бойынша;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын: «8) адамның шетелдік қарулы қақтығыстарға, шет мемлекет аумағындағы экстремистік және (немесе) террористік әрекетке қатысуы салдарынан айырылады.»; 7. «Жедел-iздестiру қызметi туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 13-14, 199-құжат; 1995 ж., № 24, 167-құ­жат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршы­сы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құ­жат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құ­жат; № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 147-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құ­жат; № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 17, 83-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 ж., № 7, 33-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар): 12-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтама­сыз ету, шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерiнің, шетелдік ұйымдардың және жекелеген адамдардың барлау-бүлдіру мақсатындағы қолсұғушылықтарын анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі қарсы барлау шараларын қамтамасыз ету мақсатында барлау және қарсы барлау ақпаратын алу үшін ғана, сондай-ақ күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ақпарат алу үшін арнаулы жедел-іздес­тіру іс-шаралары Қазақстан Республикасының Бас Про­ку­рорымен келiсiлген тәртiппен жүзеге асырылуы мүмкiн.». 8. «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республи­касы­ның Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңе­сінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 68-құжат; Қазақ­стан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 2001 ж., № 8, 50, 54-құжаттар; № 21-22, 285-құжат; 2006 ж., № 5-6, 31-құжат; 2007 ж., № 3, 23-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 122-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж., № 22-І, 143-құжат; № 22-V, 158-құжат): 1) 22-баптың екінші бөлігінің 11) тармақшасындағы «кезде тыйым салынады.» деген сөздер «кезде;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын: «12) егер ол бұрын «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 8) тармақшасында көзделген негіздер бо­йынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса, тыйым салынады.»; 2) 28-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Шығарып жiберу туралы шешiмдi сот қабылдайды. Шетелдік осы шешiмде көрсетiлген мерзiмде Қазақстан Республикасынан кетуге мiндеттi. Мұндай жағдайда Қазақстан Республикасынан шығарып жіберу туралы сот шешімінің орындалуы Қазақстан Республикасынан шығарып жiберiлетiн адамға бақылау жасала отырып, өз бетiмен кетуi немесе адамды мәжбүрлеп шығарып жіберу арқылы жүргізіледі. Егер өзіне қатысты шығарып жiберу туралы шешім қабылданған адам шешімде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпесе, ол прокурордың санкциясымен ұстап алынуға және мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге тиіс. Бұл ретте шығарып жiберу үшiн қажет болатын мерзiмге ұсталуға жол берiледi. Ол Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын тәртiппен iшкi iстер органдарының арнаулы мекемелерiнде ұсталады.». 9. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 33-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж., № 21- III, 135-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар): 1) 12-баптың 10) тармақшасындағы «заңдарына сәйкес», «шетел азаматтары» деген сөздер тиісінше «заңнамасына сәйкес», «шетелдіктер» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 13-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) өздерiнiң әрекеттерімен қоғамның және мемлекеттiң қа