Заң • 27 Желтоқсан, 2016

Қазақстан Республикасының Заңы: № 32-VI ҚРЗ

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы  2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы

1-бап. «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жеке­леген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Рес­пуб­ликасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар ен­гізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Рес­пуб­ли­касы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» 2016 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Респуб­лика­сының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жар­шысы, 2016 ж., № 10, 79-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) 1-баптың 4) тармақшасының екінші абзацындағы «2016» деген цифрлар «2021» деген цифрлармен ауыс­тырылсын;

2) 2-баптағы «2016» деген цифрлар «2021» деген цифр­лармен ауыстырылсын. 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 23 желтоқсан № 32-VI ҚРЗ

Соңғы жаңалықтар