27 Желтоқсан, 2016

Премьер-Министр әкімдерге: Жаңа жылды халық жылы жерде қарсы алсын

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев әкімдерге жылу маусымын оқыс жағдайсыз өткізуді тапсырды. Үкімет отырысы барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев тұрғындарды жылумен қамтуға оқыс жағдайлар болған өңірлер әкімдеріне ескерту жасап, олардың алдағы уақытта мұндай жағдайларға жол бермеу шаралары туралы баяндамасын тыңдады. «Құрметті әкімдер, естеріңізге саламын, сіздер жылу мерзімін тұрақты өткізуге жекелей жауаптысыздар. Біз бұл туралы үнемі айтамыз, сіздердің сөздеріңізді тыңдаймыз, бірақ соған қарамастан, желілерде түрлі апаттар болып жатады. Бәрін бақылауда ұстау керек. Ең бастысы, Жаңа жылда адамдарға проблема жасамауымыз керек. Жаңа жылды барлығы жылы жерде қарсы алғысы келеді. Жылу маусымын өткізуге жақсы жағдай жасайық, әсіресе, мереке күндері,- деді Б.Сағынтаев. Осыған байланысты Премьер-Министр Энергетика министріне ЖЭС-тердегтердегі, қазандықтар мен станциялардағы отындарды бақылауда ұстауды тапсырды. Әкімдерге жылумен қамтуды үнемі бақылап отыруды жүктеді. Арнұр АСҚАРОВ, «Егемен Қазақстан»