Болашақта «Қазақ елі» анимациялық фильмі шетелдік көрерменге жол тартуы мүмкін. Әзірге, отандық өнімді 80 миллион аудиториясы бар түрік тіліне аудару көзделіп отыр. Игі бастаманы Шымкенттегі «Сақ» киностудиясы мен «Оңтүстік-фильм» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады. Бұл туралы бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев отандық фильмдер жасаумен айналысатын студиямен танысу барысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақ елінің тарихи тағдырын бейнелейтін мультфильм елімізде алғаш рет ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы негізінде дайындалған.
«Бүгінгі бастамаларыңыз терең талқылауды қажет етеді. Жобаларыңызды әлі де пысықтай түсіңіздер. Нақты сценарийлеріңізді алдағы уақытта бірге қарап, өз тарапымыздан қолдау білдіретін боламыз. Ал «Қазақ елі» анимациялық толықметражды туындыларыңызды Түркия мемлекетіндегі тиісті орындармен келісім жүргізу арқылы оңтайлы шешеміз»,- деді облыс әкімі Ж.Түймебаев.
«САҚ» киностудиясының бас директоры Нұриддин Пәттеев облыс әкіміне «Көне жетігеннің сыры», «Отырарды қорғау», «Қажымұхан», сынды тарихи орындар мен тұлғалар туралы түсірілетін анимациялық фильмдердің желісін жан-жақты баяндап берді. Сондай-ақ ол Ахмет Ясауи бабамыз бен күш атасы Қажымұханның тұлғасын танытатын мультфильмін түсіру жобасымен таныстырып, қолдау көрсетуін сұрады. 15 жылдық тарихы бар «САҚ» киностудиясы бұған дейін «Қазақ елі», «Сапа олимпиадасы», «Қошқар мен теке», «Момын мен қарақшы» сынды 50-ден астам анимациялық туындылар дайындаған. Ал, 25 сериялы «Томпақ» фильмі көрерменнің айрықша ықыласына бөленген.
Аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев мультипликациялық тарихи фильмдер арқылы өңірімізге келетін шетелдік туристердің қатарын артыруға болатынын айтты.

Алматы – Шаңхай бағытында жаңа тікелей әуе рейсі ашылды
Қоғам • Бүгін, 19:48
Қазақстан IT-қызметтердің экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапты
Технология • Бүгін, 18:33
Бейбіт Әбдікен: Бұл марапат ғылымның мемлекет үшін маңызын көрсетеді
Ғылым • Бүгін, 18:00
«Қазақтың Моника Беллуччиі» атанған полицей зейнетке шықты
Қоғам • Бүгін, 17:55
Қалдықтан қазына сүзген: Отандық металлургияның жаңа белесі
Ғылым • Бүгін, 17:50
Next Generation Youth Forum 2026: Астанада жас логистер форумы өтті
Форум • Бүгін, 17:48
Теңге нығайып, доллар әлсіреді: Нарыққа әсері қандай?
Қаржы • Бүгін, 17:40
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:40
«Таза өлке – Ақкөл»: Экологиялық акция аясында қала аумағы тазартылды
Аймақтар • Бүгін, 17:38
Жас ғалым Асия Ермухамбетова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады
Ғылым • Бүгін, 17:35
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:25
Қазақстан IT-экспортында жаңа рекорд орнатты: 1,1 млрд доллар межесі еңсерілді
Технология • Бүгін, 17:08
Астанада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі: Полиция жүргізушілерге үндеу жасады
Елорда • Бүгін, 16:55
Азық-түлік сапасы: Химиялық тыңайтқыштар денсаулыққа қалай әсер етеді?
Шаруашылық • Бүгін, 16:52
«Қаражанбасмұнай» жұмысшылары Президентке үндеу жолдады
Еңбек • Бүгін, 16:45