06 Қыркүйек, 2011

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы №146

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімші­лік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Респуб­ли­ка­сы Заңының 9-1 бабы­на сәйкес қаулы етемін: 1. Қоса беріліп отырған: 1) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің және оның аумақтық басқармаларының мұрағаттары шеңберінде мұрағаттық анықтамалар және/немесе мұрағаттық құжаттар көшірмелерін беру»; 2) «Құқықтық статистикалық ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметтер стандарттары бекітілсін. 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті  Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы 31 тамыз. Толық мәтіні