Бүгін Қазақстан территориясының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталып, атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты қар, бұрқасын, тұман, көктайғақ, жел күшейеді. Тек қана еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
Ақмола, Павлодар облыстарында бұрқасын соғады, кей жерлерінде қатты жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с, кей жерлерінде 30 м/с-ға дейін күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, түнде жел екпіні 23 м/с-ға дейін күшейуі күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін, екпіні 23 м/с-ға дейін күшейеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, екпіні 25 м/с, кей жерлерінде 30 м/с, кей жерлерінде бұрқасын.