01 Қаңтар, 2017

Қысы жоқ өңірден бес спортшы қатысады

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Оңтүстік Қазақстан об­лы­сының әкімі Жан­сейіт Түй­мебаевтың тө­ра­ға­лы­ғымен XXVIII Бүкіл­әлем­­дік Алматы-2017 қыс­қы Уни­­версиадасының Шым­кент­те жағылатын «Алау эста­фетасын» ұйымдастыру және өткізу бойынша өңір­лік штабтың мәжілісі өтті. Осы жиында облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев жағдайды баяндады. Бүкіләлемдік Уни­вер­сиа­даға Оңтүстік Қазақ­стан облысы­нан Жан­бота Ал­да­бер­генова, Ақмаржан Қал­мұрзаева, Дархан Мұ­ха­­меджанов, Бағлан Ің­кәр­бек, Жібек Арапбаева қа­тысады. Бес спортшы да фристайл бойынша бә­се­ке­ге түседі. Бір қызығы, қысы жұм­­сақ, қар аз түсетін Оңтүс­тік­тің аяғына шаңғы байлаған оғы­лан­дары спорттың фри­стайл түрінен әлемдік Уни­вер­­сиадада ат басындай ал­­тын бастатқан медаль алу ниетінде. Тақымын қысқан жан­күйерлер ондай ерліктің олар­дың қолынан келеріне сенеді. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан» Оңтүстік Қазақстан облысы