01 Қаңтар, 2017

ОПЕК шешімі 1 қаңтардан бастап күшіне енеді

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
1 қаңтардан бастап Ресей әлемдік мұнай нарығын тұрақтандыруға бағытталған ОПЕК келісімі аясындағы мұнай өндіру көлемін азайтуға кіріседі, деп хабарлайды РИА Новости. Әлем бойынша шикізаттың мол болуы екі жылдан бері мұнай бағасына қысым көрсетіп келді. Тек 2016 жылы қарашаның соңында ғана инвесторлар мұнай өндірісін күніне 1,2 миллион баррель - 32,5 миллион баррельге дейін қысқарту туралы ОПЕК шешімінің 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетінін естіді. Қол жеткізген уағдаластықтар 10 желтоқсандағы ОПЕК және өзге мұнай өндіруші елдер кездесуінде расталды. ОПЕК ұйымына кірмейтін мемлекеттер сол кездесуде уағдаластыққа қосылуға келісім берді. Олар алғашқы жартыжылдықта мұнай өндірісін шамамен тәулігіне 560 мың баррельге дейін азайтатын болады, олардың ішінде Ресей 300 мың баррельге кемітпек.