01 Қаңтар, 2017

Бірнеше облыста жол жабылды

110 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты автокөлік жолдары жабылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі. Ақмола облысында 01.01 күні сағат 06-30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қар, бұрқасын, боран, жолдың нашар көрінуі) «Көкшетау қ.-Атбасар қ.» а/ж (4-184 км.), «Екатеринбург-Алматы» а/ж (1247-917 км.,  Астана қ.- Жақсы а.) учаскелерінде барлық автокөліктер түрлеріне қозғалыс тоқтатылды. 01.01. күні сағат 07-00-ден ауа райының нашарлауына байланысты (қар, бұрқасын, жолдың нашар көрінуі) «Астана-Петропавл» а/ж (18-230 км. Астана қ. - Щучинск қ.) учаскесінде барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды. 01.01. күні сағат 09-00-дан ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, қар, бұрқасын, жолдың нашар көрінуі)«Жезқазған-Петропавл» а/ж 377-595 км аралығында (Қостанай обл - СҚО аумағы учаскелерінде) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды. Алматы облысында 31 желтоқсан күні сағат 18:00-дан бастап ауа райының нашарлауына (боран, жолдың көрінбеуі) байланысты «Сарыөзек-Көктал» республикалық маңызы бар автожолының 40-80-ші шақырымы аралығында (Қоғалы ауылы мен Басши ауылы) барлық көліктерге жол жабылды. 31 желтоқсан күні сағат 16:30-дан бастап ауа райының нашарлауына (боран, жолдың көрінбеуі) байланысты «Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожолының 83-ші мен 184-ші шақырымында барлық көліктерге жол жабылды. Шығыс Қазақстан облысында 31 желтоқсан күні сағат 17:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қатты бұркасын) «Алматы - Өскемен» республикалық маңызы бар автожолының 973-1048 км аралығында жолаушылар автокөлік түрлеріне және тіркеме, жартылай тіркеме автокөліктерге қозғалыс жабық. 01.01. күні сағат 11:00-ден ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, жолдың көрінбеуі) «Семей - РФ шекарасы» - Новопокровка - Петропавловка - Зубайыр - Байтанат - ш.РФ» (0-41 км) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабық. Қостанай облысында 31 желтоқсан күні сағат 19:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (дауыл, жолдың көрінбеуі) облыстық жолдар барлық автокөліктері түрлеріне жабылды: - а/ж «Әулиекөл -Жолдама», 0-257 км. 01.01. күні сағат 10:00-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (дауыл, нашар көрініс) облыстық жолдар барлық автокөлік түрлеріне жабылды:  - а/ж «Арқалық -Торғай » 0-287 шм.