Бүгін Қазақстан территориясының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталып, атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты қар жауып, елдің оңтүстік бөлігінде жауын-шашын түседі. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман, көктайғақ күтіледі. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
Ақмола облысында бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді, екпіні кей жерлерде 30 м/с-ға дейін күшейеді.
Павлодар облысында бұрқасын соғады деп күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді, екпіні 25, кей жерлерінде 30 м/с-ға дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді, екпіні 25 м/с-ға дейін күшейеді.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман болады.
Қостанай облысында бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі.
Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді , түнде тұман болады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді, екпіні 25 м/с күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.