Boxinghypestore.com сайты 2016 жылды қорытындылай келе, қызық бір оқиғаны хабарлады, деп жазады sports.kz.
«2016 жылдың ең таңғаларлық оқиғасы - 18 мамырда Сауль «Канело» Альварес орта салмақтағы WBC белбеуін еш қарсылықсыз Головкинге бергені» деп жазады басылым туиттердегі парақшасында.
Айта кетейік, 2016 жылдың 8 мамырында Сауль Альварес (48-1-1, 34 КО) қарсыласы Амир Ханды (31-4, 19 КО) нокаутқа жіберіп, рингте қазақстандық Геннадий Головкинді (36-0, 33 КО) жұдырықтасуға шақырған еді. Дегенмен, 19 мамырда бұл кездесуден бас тартып, белбеуі Головкинге берілді. Ал қос боксшының арасындағы айқас осы жылдың қыркүйегіне жоспарланып отыр.