2011 жылғы 1 шілде, Астана, Үкімет үйі «Судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды келісу, оларды орналастыру және пайдалануға беру ережесін, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргізу шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы № 130 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды келісу, оларды орналастыру және пайдалануға беру ережесін, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргізу шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы № 130 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 5, 73-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды келісу, оларды орналастыру және пайдалануға беру ережесінде, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргізу шарттарында: 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Осы Ереженің 6-тармағында көзделген кәсіпорындар мен құрылыстарды орналастыру және салу жобаларын келісу рәсімін мемлекеттік органдар, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге мерзім белгіленбесе, оларға жобалық құжаттама ұсынылганнан кейінгі он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.»; 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «18. Су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс және басқа да жұмыстар шарттарын келісу рәсімін тиісті мемлекеттік органдар өтініш беруші оларға қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Қоғам • 07 Қыркүйек, 2011
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №754
Шеңгелді ауылында мал сою пункті іске қосылды
Аймақтар • Бүгін, 00:40
Елена Рыбакина Дубайдағы турнирді сәтті бастады
Теннис • Кеше
Астанадағы жылы аялдамалар «Сергек» жүйесіне қосылды
Елорда • Кеше
Ертең елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Қоғам • Кеше
Отандық көліктердің бағасы төмендей ме?
Қоғам • Кеше
Қазақстан халқы наурыз айында қанша күн демалады?
Қазақстан • Кеше
Рамазанға орай Лондон көшелері безендірілді
Әлем • Кеше