03 Қаңтар, 2017

Қаңтарда үш рет күн суытады

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қаңтарда Қазақстанда үш рет күннің суытуы күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет».  Күннің суытуы Рождество мерекелері қарсаңында (17-23 қаңтар) және айдың аяғында болады. «Ұзақмерзімді болжамға сәйкес 17-23 қаңтарда, айдың аяғында ауа температурасы төмендейді. Солтүстікте түнде 30...35  аяз, күндіз 20...25 аяз; оңтүстікте түнде 20...25 аяз, күндіз 15...20 аяз болады», - делінген хабарламада. Қызылорда, ОҚО, Жамбыл, Алматы облыстарында орташа айлық температура норма аясында болады деп күтілуде. Қалған аумақтарда 1°С нормадан жоғары. Қызылорда, ОҚО--ның басым бөлігі, Жамбыл облыстарында айлық жауын-шашын мөлшері нормаға жуық, қалған аумақта нормадан артық болады деп күтілуде. Атлантикалық циклондардың жиі өтуінен айдың басым бөлігінде жел 15-20 м/с-қа күшейіп, қар жауады, боран соғады. Оңтүстік өңірлерде жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады.