03 Қаңтар, 2017

Қазақстанның үш облысында жол ашылды

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында көлік қозғалысына енгізілген шектеу алынды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Боран, жолдың нашар көрінуіне байланысты Алматы облысы мен ШҚО-да шектеу жалғасуда. Алматы облысында: «Үшарал-Достық», 83-184 шақырым, Көктума ауылынан Достық ауылына дейін; «Сарыөзек-Көктал», Көгалыдан Басшы ауылына дейін. ШҚО-да: «Өскемен-Шемонаиха- РФ шекарасы», 108-123 шақырым, Шемонаихадан РФ шекарасына дейін; «Семей-Қайнар», 8-284 шақырым. «Қазавтожол» РМК деректеріне сәйкес жол учаскелерінде жол жиегін қардан тазалау, құм себу жұмыстары жалғасуда. Тәулік бойы торуылдау жүргізілуде. Жұмысқа 434 бірлік арнайы техника, облыстық филиалдардан жеке құрам тартылды.