04 Қаңтар, 2017

Қытай Британиямен тікелей темір жол қатынасын ашты

449 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай Британиямен темір жол арқылы тікелей жүк тасымалын бастады, деп хабарлайды BBC.

Қытайдың шығысындағы Иу қаласынан киім-кешек, көмке мен өзге де қажетті тауарлар тиелген жүк вагондары Британияға қарай жолға шықты.

Алдын ала мәлімет бойынша, аталған пойыз 18 күн ішінде 12 мың шақырым жол жүріп, Лондонның Баркиң ауданына жетеді.

Британияға жету үшін пойыз Қазақстан, Ресей, Беларусь, Польша, Германия, Бельгия мен Франция арқылы өтеді.

Соңғы жылдары шығыстағы көрші "Жаңа жібек жолы" жобасы аясында темір жолға басымдылық беруде.

Қазір Қытай Еуропаның 18 елімен тікелей темір жол қатынасын құрған.

Карта