04 Қаңтар, 2017

Үндістанда 5,7 балдық жер сілкінісі болды

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
photo_33092 Үндістанның солтүстік-шығысында 5,7 балдық жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері Бангладештің шекарасынан басталған, - деп хабарлайды Вести.ru. Табиғат апаты елде жүздеген құрылысты қиратып, аймақта лай көшкіндерінің жүруіне себеп болған. Елдің Ұлттық сейсмология орталығы жер дүмпуінің эпицентрі Трипура штатындағы Дхалай аймағында, 28 шақырым тереңдікте болғанын хабарлады. Баслымның мәліметінше, штаттағы жүздеген үйдің қабырғалары құлаған немесе бүлінген. Жер дүмпуі кезінде адамдар үйлері мен жұмыс орындарынан далаға қашып шыққан. Бірнеше аймақта лай көшкіні жүрген. Адам шығыны туралы әзірше хабар жоқ. Қазіргі кезде жергілікті билік келген шығынды есептеп жатыр.