04 Қаңтар, 2017

Амир Хан: Альварес Головкинді ұтуы мүмкін

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ggg-kanelo Британиялық боксшы Амир Хан мексикалық Сауль «Канело» Альварестің күшіне еш шүбә келтірмейді. Оның айтуынша, «Канело» қазақстандық Геннадий Головкинді жеңуі әбден мүмкін. Бұл туралы sports.kz хабарлады. «Меніңше, көпшілігі Альваресті жөнді бағламайды. Ол тәжірибелі, мықты, жылдам қозғалатын боксшы. Өзгелер секілді оны жеңетініме сенімді едім, бірақ мен ойлағандай болмай шықты. Егер Головкинмен арадағы жекпе-жегі өтсе сенсация орын алуы мүмкін. «Канеломен» жұдырықтасқаннан кейін оның шама-шарқын білемін. Соққыларымнан жылдам құтылып кетіп, өзіме қарсы жылдам қимылдағанда таң қалған едім. Ол тіпті, кіші-Чавеске де қиындық тудыруы мүмкін», – деді Амир Хан. Айта кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы кездесу алғашында 2016 жылы өтуі тиіс болатын. Алайда, мамыр айында мексикалық боксшы бұл кездесуден бас тартқандықтан орта салмақтағы оның WBC белбеуі Геннадийге берілді. Бұған дейін қос спортшының арасындағы ұрыс осы жылдың қыркүйек айына жоспарлағаны әлемдік БАҚ беттерінде хабарланған болатын.