04 Қаңтар, 2017

"Даму" басшысы қызметінен кетеді

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Даму» АҚ басқарма төрағасы Қаныш Төлеушин 5 қаңтардан бастап қызметінен кетеді. Бұл туралы Facebook-тегі парақшасына жазды, деп хабарлайды abctv.kz. «Алдағы мақсаттарға қол жеткізу үшін 5 қаңтардан бастап «Даму» қорынан кететінімді хабарлаймын. 3 жыл әлемдегі ең топ бизнес-мектепте оқуды шегеріп келдім. Биыл MIT-ке құжат тапсырдым және басқа да жетекші оқу орындарына құжат тапсыруды жоспарлап отырмын. Емтиханға дайындалуға уақыт аз, қаңтардың аяғында алғашқыcын тапсырамын. Бұл шешімді мен өткен жылдың қаңтар айында қабылдап үкімет, «Бәйтерек» холдингі басшыларының келісімін алдым»,- деп жазды ол. Төлеушин «Даму» қорының басшылығына 2016 жылдың ақпан айында тағайындалған еді.