Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен Тимур Тәшімбаев Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлады СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
Тимур Тәшімбаев С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Алматы қ. Фрунзе аудандық прокуратурасының тергеуші қызметінің стажері болып бастаған. Прокуратура тергеушісі, Алматы қ. Фрунзе аудандық прокурорының көмекшісі және Алматы облысы Іле ауданы прокурорының көмекшісі, аға көмекші және орынбасары болып жұмыс істеген.
Әр жылдары Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында түрлі жауапты қызметтерді атқарды, Алматы қ. Түрксіб және Бостандық аудандарының прокуроры, Алматы қ. прокурорының орынбасары болды.
2007-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің құқық қорғау және сот жүйесі мәселелері жөніндегі бөлім меңгерушісі болды. 2012 жылдан осы уақытқа дейін ҚР Бас прокуратурасы жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау департаментінің басшысы болып еңбек етті.

Петропавлда «Тұқым күні – 2026» халықаралық конференциясы өтті
Аймақтар • Кеше
Ертең бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды
Ауа райы • Кеше
Аяз, боран, көктайғақ: Еліміздің 16 өңірінде ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Нұртай Сабильянов: Теңге Конституцияда қорғалуға тиіс
Ата заң • Кеше
Жаңа Конституция – халық талқысында
Ата заң • Кеше