Жеңіл салмақта бұрынғы әлем чемпионы америкалық Брэндон Риостың айтуынша, филиппиндік Мэнни Пакьяо мансабын аяқтауы тиіс немесе салмағын арттырып қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуі керек. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
«Менің ойымша, Пакьяо спорттан кетіп, боксқа келген жастарға орын беруі керек. Ол Флойдпен тағы да күш сынасқысы келеді, бірақ оны барлығы көрген. Енді мұндай қомақты қаржыны төлеуі екіталай. Мэнниді өз басым құрметтеймін. Бірақ салмағын арттырып, Альвареспен немесе Головкинмен жұдырықтаспаса, қазіргі уақытта оған лайық қарсылас бар деп айта алмаймын», – деді америкалық боксшы ES News басылымына берген сұхбатында.
Айта кетейік, филиппиндік былғары қолғап шебері соңғы рет 2015 жылдың қарашасында Джэсси Варгаспен кездескен болатын. Жекпе-жек барлығы 12 раундқа созылып, Мэнни Пакьяоның жеңісімен аяқталған. Бұл жеңістен кейін ол WBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақта чемпион атанды.
• 04 Қаңтар, 2017
Брэндон Риос: Пакьяо Головкинмен жұдырықтасуы тиіс

Петропавлда «Тұқым күні – 2026» халықаралық конференциясы өтті
Аймақтар • Кеше
Ертең бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды
Ауа райы • Кеше
Аяз, боран, көктайғақ: Еліміздің 16 өңірінде ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Нұртай Сабильянов: Теңге Конституцияда қорғалуға тиіс
Ата заң • Кеше
Жаңа Конституция – халық талқысында
Ата заң • Кеше