Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемнің ең экологиялық таза ТОП-200 университеті қатарына енді. Бұл туралы аталған оқу орнының баспасөз қызметінен хабарлады. Белгілі бүкіләлемдік «UI Green Metric Ranking of World Universities - 2016» рейтингісіне ҚазҰУ алғаш рет қатысып, мықтылар тобынан лайықты орын алды. Әлемнің ең экологиялық таза ТОП-200 университеті қатарына енуі - ұлттық университеттің «жасыл дамудағы» жоғары жетістіктері мен үлкен мүмкіндіктерінің дәлелі.
«UI Green Metric» рейтингі әдістемесінде мынадай көрсеткіштер есепке алынады: экология саласындағы білім беру және ғылыми қызмет, энергия мен су ресурстарын үнемді қолдану, табиғатты тиімді пайдалану, қалдықтарды сақтау және қайта өңдеу, экологиялық таза көлік қолдану, студенттік кампус территориясындағы жас көшеттер аумағы және т.б. Әлем университеттерінің «UI Green Metric» «жасыл» рейтингі жыл сайын әр елдегі үздік ЖОО-ны анықтайды.
Қазақстандық ЖОО-лар ішінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - әлемнің 200-топ «жасыл» университеті қатарына енген жалғыз оқу ордасы, бұл ЖОО-ның ғылым мен техника жетістіктерін кампустың энерготиімді стратегиясы мен қаланың экожүйесіне интеграциялау бойынша белсенді жұмысын көрсетеді. Университет халықаралық деңгейдегі бастамаларға зияткерлік үлес қосуда көшбасшы болып табылады және жаһандық мәселелерді шешуге арналған ауқымды жобаларды белсенді жүзеге асыруда. Осылайша, ҚазҰУ ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жасыл көпір» және «G-Global» бастамаларының энергоэкологиялық стратегиясына қолдау ретінде ТМД университеттері ішінде жалғыз «RIO+20» Әлемдік саммитінде секция ашу жоғары мәртебесіне ие болды.
• 05 Қаңтар, 2017
ҚазҰУ әлемнің ең экологиялық таза университеттері қатарына енді

Қазақстандық биатлоншылар эстафетада бақ сынады
Олимпиада • Кеше
Астанада LRT жобасының екінші кезеңіне дайындық басталды
Елорда • Кеше
Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
Ауа райы • Кеше
Қонаевта медициналық кампустың құрылысы қашан басталады?
Аймақтар • Кеше
Жаңаталап ауылында жаңа медициналық пункт ашылды
Аймақтар • Кеше
Ғылыми қауымдастық жаңа жобаны талқылады
Ата заң • Кеше
Шала туған 730 грамдық шарана қалай аман қалды?
Медицина • Кеше
Президент төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді
Президент • Кеше
8 ақпандағы доллар бағамы қандай?
Қаржы • Кеше