06 Қаңтар, 2017

Солтүстікқазақстандықтар 2016 жылы 270-тен астам қару-жарақ өткізген

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

06-01-17-karu

Өткен 2016 жылы халықтан қару-жарақ пен оқ-дәрі сатып алу науқаны аясында солтүстікқазақстандықтар 272 атыс қаруын ерікті түрде өткізді, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Полицияға облыс тұрғындарынан 245 өтінім келіп түскен. Нәтижесінде 12,5 млн теңгеден астам сомаға 272 қару мен 2300 иір ойықты мылтық оғы ерікті түрде тапсырылған. Олардың басым бөлігін тегіс ұңғылы қару құрайды. «12 ай қорытындысы бойынша, шамамен 8 мыңға жуық қару иелері тексерілді. Қаруды сақтау, алып жүру, тіркеу және қайта тіркеу тәртібі бойынша 560 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Заңсыз сақталған 55 дана қару айналымнан шығарылды», – деді СҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Болат Жексембинов. Айта кетейік, полицейлер қаруды ерікті түрде тапсырғандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын естеріңізге салады.