07 Қыркүйек, 2011

Жаңа…

333 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
...мектеп-интернат ашылды Бәйдібек ауданының орта­лы­ғы – Шаянда 700 орындық мектеп-интернат пайдалануға бе­рілді. Ашылу салтанатына об­лыс әкімі Асқар Мыр­зах­ме­тов қатысып, бұл мектептің Елбасы­ның тапсырмасы бой­ын­ша жүр­гізіліп жатқан “100 мектеп, 100 аурухана” бағдар­ла­масы аясын­да жүзеге асқа­нын атап өтті. Мектеп жанынан бой көтер­ген 360 адамдық интер­натқа шал­ғай ауылдардан келіп оқи­тын оқушылар жатады. Өз ауы­лында орта мектеп жоқ бол­ған­дықтан, туған-туыстың үйін са­ға­лап, қабағына қарап өскен ба­ла­ның сабағы оңа ма?! Интернатта жатып оқитын оқу­шы­лар­ға төрт мезгіл тамақ берілмек. Бақтияр ТАЙЖАН, Оңтүстік Қазақстан облысы.   ...емхана үш ауылға ортақ Облыс орталығына қарасты Кенжекөл, Байдала, Долгое ауыл­дарында алты мыңға жу­ық адам тұрады. Жуырда қала­ға жақын орналасқан осы үш ауылдың орталығы – Кен­же­көлде көптен күткен дәрігерлік емхана ашыл­ды.  Емделіп-қа­ралуға келген ауыл тұрғын­да­ры енді бұрын­ғы­дай  жай­сыз­дық сезінбейді. Кең де жарық, дәрігерлік заманауи құ­рал-жабдықтармен жабдықтал­ған емхана үйі қарсы алады. Емхана меңгерушісі Айгүл Табылбекованың айтуынша, ауыл тұрғындарын терапевт, пе­ди­атр, акушер-гинеколог және тіс дәрігерлері емдейді. Жас маман дәрігерлер де қызметке кірісті. Жаңа емханада балалар­ды, ересек адамдарды қабыл­дай­тын бөл­мелер, акушер-гинеколог, лаборатория, ЭКГ кабинеті, физио­те­рапиялық кабинет, тіс дәрі­герінің бөлмесі, дә­ріхана бар. Ауылдықтар үшін  тағы бір артықшылығы – күндіз келіп жа­тып, емделетін алты кереуетті бөлмелер  де ашылды. Емханада күндізгі қабылдау жүйе­сі бойынша жылына 300 адамды емдеу жоспарланған. Фарида БЫҚАЙ, Павлодар.   ...мәдени орынмен толықты Облыс орталығы тағы бір мә­дени орынмен толықты.  Жа­қында облыстық кәсіп­одақтар кеңесінің   ғимаратында  об­лыс­­тық кәсіподақтар мұражайы ашылды. Мұражайдың ашылу рәсіміне кәсіподақ ардагерлері, салалық кәсіподақ  ұйым­дары­ның жетекшілері қатысты.  Мұ­ражайдың лентасын облыс­тық кәсіподақтар кеңесінің төраға­сы Түрікпенбай Айжарықов және  бұрын төраға болған Үкі­тай Байжомартов  қиды. Шараға қатысушылар об­лыс­тағы кәсіподақтар  қозға­лы­сының тарихын бейнелейтін шағын мұражайды аралап, он­дағы экспозициялармен таныс­ты. Салалық кәсіподақтар бой­ын­ша бөлек-бөлек жасақталған  экспозицияларда өңіріміздің әр саладағы жетістіктері, белгілі тұлғалары туралы мол мағ­лұ­мат бар. Тәуелсіздіктің 20 жыл­дығына арналған экспозиция да жақсы жасақталыпты. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе.