Ұлттық академиялық кітапханада Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауын талқылау бойынша кездесу өтті. Шараға зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, еліміздің бас кітапханасының қызметкерлері мен оқырмандары қатысты.
«Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында ел азаматтарының әлеуметтік жағдайын жақсарту туралы нақты айтылады. Бұл мақсатқа сәйкес, Үкіметке зейнетақылар, түрлі әлеуметтік төлемдердің деңгейін жоғарылату, әлеуметтік-экономикалық саланы жаңғырту бойынша міндеттер жүктеліп отыр. Бүгінгі таңда Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті озық 50 елінің қатарында, алайда, алдымызда үздік отыздыққа ену мақсаты тұр. Сондықтан біздер – қазақстандықтар білім деңгейімізді, құқықтық және қаржылық сауаттылығымызды жоғарылатып, жан-жақты дамуымыз қажет, әсіресе, бұл – жастарға қарап айтылатын сөз», деді Стратегиялық жоспарлау, ғылым және менеджмент қызметінің басшысы, саяси ғылымдар докторы Наталья Калашникова.
Сондай-ақ, ол Жолдаудың прагматикалық бағыттағы стратегиялық құжат ретіндегі маңызына тоқталып өтті. «Ел Президенті қоғамға экономикалық дамудың жаңа моделін құру туралы нақты міндет қойып, болашағын болжай білген, қиындықтардан қашпай, оларды өткере білген халық соңында жеңімпаз болатындығын атап көрсетті», деді Н.Калашникова. Сонымен қатар, ол бұл Президент өзінің сарабдал саясаты арқылы дәйектілікпен жүзеге асырып келе жатқан байыпты да өршіл Жолдау болып табылатынын айтты.
«Жолдауға енген жаңа саяси, қоғамдық маңызды терминдер алда жүзеге асырылуы тиіс болатын бірегей модельдің дәлелі болып табылады», деді Наталья Павловна.
Ұлттық академиялық кітапхананың жас маманы Жәмила Зайырова әріптесінің пікіріне қолдау көрсете келіп, былай деді: «Мен және менің отандастарым үшін осы Жолдау аясында мыңдаған жаңа жұмыс орындарының ашылатындығы ерекше қуанышты жағдай. Өйткені, бұл көптеген қазақстандықтар үшін жаңа мүмкіндіктердің пайда болатындығын білдіреді».
Ең бастысы, біз Жолдауда көрсетілген міндеттердің жүзеге асуына жауаптымыз, деді ол.