07 Ақпан, 2017

Экспорттық әлеует – экономиканың қозғаушы күші

272 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
«Экспорт» ұғымы ла­тын­ның «exporto» деген сө­зі­нен шы­ғады, яғни негізгі ма­ғы­на­сы «порттан неме­се теңіз ай­лағынан» шетке шы­ғару де­генді білдіреді. Жалпы ал­ғанда, экспорттық әрекеттер кә­сіп­орын­дарды халықаралық бә­секеге жә­не ғаламдық озық тех­нологиялық өзгерістерге бей­імдейді. Компания­лар­­дың бә­секеге қабілеттілігін кү­­шейте оты­рып, әлемдік ры­нок­тың жо­ғары сұранысқа ие тауар­лар­мен толығуына жол ашады. Түйіндей айтқанда, елдегі компаниялардың экспорттық әлеу­еті қаншалықты мық­ты болса, ел экономикасы да сон­шалықты жаһан­дық бә­се­ке­лес­тікке қабілетті, тех­нол­о­гия­лық жаңғыртылуы жоғары болып келеді. Жаһандық дағдарыс жылдарында тиімді реформалар жасау арқылы өз­гелермен салыстырғанда оқ бойы озық шыққан Қазақстан экономика­сы соңғы жылдары дамудың жа­ңа баспалдақтарын бағын­дыр­ды. Елі­мізде ерекше ба­сым­­дық берілген ҮИИД бағ­дар­ламасы шеңберінде отан­дық тауар өндірушілердің өнім­­дерін шетелдерге шығару мақ­с­аты­н­- ­­­да жүргізілген ке­шен­ді шаралар өзі­нің тиімді нә­тижелерін беруде. Елі­міздің эк­спорт­тық әлеует жыл­дан-жыл­ға өсіп келеді. 2016 жылы Қазақстан Кеден одағына кіретін мемлекет­тер­ден басқа елдерге 32,9 ми­л­лиард АҚШ доллары мөл­шеріндегі тауарларды экс­порт­қа шығарыпты. Табиғи ши­кі­заттардың бағасының арзандауына және әлемдік рынокта бұл тауарларға деген сұраныстың тө­мен­деуіне қарамастан, Қазақ­с­тан әлемдегі ірі экспорттаушы ел дәре­же­сін сақтап қалды. Елба­сы­ның эко­номикамызды шикізатқа тәу­ел­ді­лік­тен арылту туралы тапс­ыр­малары­на сәйкес, қайта өңделетін тауарларды экспорттау көлемі артуда. Мәселен, 2016 жылы ағаш өңдеу және целлюлоза-қағаз өндірісі саласының экспортқа шығаратын өні­мі­нің көлемі 2015 жылмен са­лыс­тырғанда 18 есе өсіп, 229,9 миллион АҚШ долларын құрады. Со­ны­мен бірге, тоқыма және тоқыма өнім­дері өндірісінің экспорттық әлеу­еті жыл ішінде 19,6 пайызға артып, 78,7 миллион долларды құраса, елі­міз­дің машина, көлік құралдары жә­не жабдықтар шығаратын өндірісі сала­сы­ның экспорттық өнімі жыл ішінде 7,2 пайызға өсіп, 497 миллион АҚШ долларына жеткен. Бүгінде Қазақстан әлемдегі ең ірі 50 экспорттаушы ел қа­та­рынан берік орын алған. Ал жаһандық рынокқа уран, ұн және бидай экспорттауда Қазақстан Республикасы көш­басшы болып табыла­ды. Елі­міз қазір әлемнің 118 мем­ле­кетіне қайта өңдеу өнер­кә­сі­бінің 800-ден астам тауар түр­лерін экспорттайды. Беделді халықаралық сарапшылардың пікірінше, біздің елдің экспортқа шы­ға­ратын тауарларының сапасы да жоғары болып келеді екен. Біздің тауарларымыз экспортталатын стра­тегиялық рыноктар негізінен Ресей, Қытай, Иран, Орталық Азия мем­ле­кеттері және Кавказ болып та­бы­ла­ды. Сонымен бірге, Еуро­па­лық одақ­қа қарасты елдерде де Қазақстан тау­арларына деген сұраныс жылдан-жылға ұл­ғайып келеді. Соңғы жыл­да­­ры Қытай, Иран, Ресей елдерінің экспорттық рыногына бағытталған: «QAZAQ ORGANIC FOOD» (Ауыл ша­руашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі); «Ет бренді» (Ірі қара және құс еті); «Халал» (Мұсылман мемлекеттерінің рынок стандарттарына сәй­кес­тендірілген өнімдер) сияқты шатырлы брендтер белгіленді. Жолдауда экспорттық әле­у­етті арттыру мақсатында «Бұл бағыттағы жұмысты жандандыру үшін экспортты дамыту мен ілгерілету тетіктерін бір ведомствоға шоғырландыру қа­жет. Экспорттаушыларға «бір­ те­резе» қағидаты бойынша өңір­­лер­­де де қолдау көрсету керек», деп атап көрсетілген. Бұл ретте Ин­вес­тициялар және даму министр­лі­­гінің бастамасымен жүзеге асыры­лып жатқан кешенді шаралар бар­шылық. Елімізде шикізаттық емес сек­тордың экспорттық мүм­кін­­дік­­те­рін арттыруға қолдау көр­сету мақсатында арнайы бағ­дар­лама қа­был­данған. Жыл са­йын шикізаттық емес тауарла­рын экспорттаушы 300-ден астам қазақстандық кәсіп­орын осы бағдарламаға қатысады. Қазіргі кезде Қазақстан биз­не­сінің экспорттық сауда мис­сия­сын қол­дау шеңберінде 20 шет елде әр­­түрлі шаралар өткізілуде. 300-ден астам тауарлық белгілерді шет­ел­дік тұтынушыларға таныстыру мақсатында 86 жарнамалық тұ­сау­кесер шаралары өткізілген. Қазақстан­дық тауар өндіруші 237 ком­пания тауарларының көрмелері ұйым­дастырылған. Сонымен бірге, шетелдік рынокқа енді ғана шыққан экспорттық компанияларды қолдау мақсатында әртүрлі оқу-әдістемелік шаралары өт­кі­зіледі. Жыл сайын 20 шет мемле­кет­тер қазақстандық экспорттау­шы компаниялардың тауар­ларын на­сихаттау мақ­са­тында жүзден астам кешенді жарнамалық шара­лар ұйым­дастырылады. Әрине, мұн­дай шаралар экспорттық тауар­лар­­ды таныстыруға елеулі ық­пал жаса­ғанымен, тауарларын экспортқа шы­­ғаратын ком­­паниялардың әлеу­етін арттыра алмайды. Сон­дық­тан, бұл мәселеде бәсекеге қа­­білетті сапалы тауар өнді­р­е­тін компаниялардың инно­ва­ция­лық және технологиялық мүм­­кіндіктерін арттыруға ба­сым­дық берілуі керек. Елбасының «Қазақстанның Үшін­­ші жаңғыруы: жаһандық бәсе­кеге қабілеттілік» атты Жолдауының бас­ты мақ­са­ты ел эконо­ми­ка­сының барлық саласын бір­ың­ғай жан-жақты жаң­ғырту негізінде мүлде жаңа эко­номикалық модель құруды көзд­ей­ді. Мемлекет басшысы күн тәр­тібіне қойып отырған не­гізгі бес ба­сым­дықты жүзе­ге асыру жолында нақты стра­тегиялық бағдарламалар бел­гі­ленуі қажет. Бұл ретте елдің экспорттық әлеуетін одан әрі арттыру мақсатында да жа­ңа озық тех­нологияларға не­гізделген стра­те­гия­лық бағ­дар­лама жасалуы тиіс. Ел­ба­­сының Жолдауда айтқан «Үкі­мет жанынан Экспорт сая­саты жө­нін­дегі кеңес құ­ру­ды тапсырамын. Оған бизнес қоғамдастығының өкіл­дері кіруі тиіс. Биылғы 1 қыр­күйекке дейін Үкімет әкі­м­­дермен және бизнес өкіл­дерімен бірлесіп, Бір­ың­ғай экспорт стратегиясын әзірлеуі керек», деген нақты тұ­жы­ры­мы да осы кешенді міндетті күн тәр­тібіне қойып отыр. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»