09 Ақпан, 2017

Ағайынды әбігерге салатын бапты өзгертсек

249 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін
Рудный қаласына Өзбекстаннан біраз ағайын келіп қоныс тепті. Алдымен атажұртқа жастар легі келіп жетті. Рудный мен оның кенттеріне 1991 жылдан бері тек Өзбекстаннан көшіп келген қандастарымыздың саны өткен жылдың аяғында 14 мың елу адамға жетіпті. Олар негізінен кен алыбы Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігінде жұмыс істейді. Алып экскаваторлар мен кен таситын машиналарды ұршықтай үйіріп жүрген, металл өңдеу зауытында, толып жатқан цехтарда кен ісінің бүге-шігесіне дейін білетін жастарды кездестіргенде риза боласың, кеудеңді кәдімгідей мақтаныш кернейді. Атажұртқа келдік екен деп, «маған не бересіңдер?» немесе «алма піс, аузыма түс» деп отырған олар жоқ, шамасының келгенінше ел қатарлы еңбек етіп, баспана алуға, тұрмысын түзеуге тырысады. Жастар ата-жұртқа соқа бастары емес, отбасымен, ата-аналарымен келді. Бірақ көлденең тұрар кедергілерден шақшадай басы шарадай болып жүргендер жетерлік. – Новои облысында біраз қазақ бармыз ғой. Онда да бар­лығымыз кен жұмысында ең­бек еттік. Атамекенге көштің ба­сын жастар түзеген еді. Әлі со­лай болып келе жатыр, менің де балаларым Қазақстанға ке­теміз деген соң, олардан қала алмадым. Екі қыз, бір ұлыммен тез жиналып, Рудныйға көшіп келдік. Бір жылдан кейін анамды алып келдім, бірақ оны тір­кете алмаймын, осынша бейнет шектіремін деп ойламаппын, – дейді Гүлнар Жақсылықова. Гүлнардың анасы Айымгүл Дәу­летбаева қария бізді көр­ген­де алдымен көз жасына ерік берді. – Сексенге таяп отырған жа­сымда бала-шағама масыл болдым. Балаларым тастап отыр­ған жоқ, қарттығыма, ау­ру­ыма бәйек болып қарап жатыр ғой. Бірақ ай сайын сонау Ресейдің шекарасына барып, белгіленіп келу деген маған да, балаларыма да қиын болып тұр. Қарттық бір жағынан, ауру екінші жағынан жолға да жарамай бара жатырмын, – деді кейуана. Әңгіме былай болған екен. Айымгүл қарияның жиен немересі Алена Ахметова (ол кезде Қалилаева) 2012 жы­лы Өзбекстанның Новои об­лы­сындағы Зеравшан қала­сы­ның Мұрынтау кентінен Руд­ный қаласына көшіп келеді. Сол 2012 жылы 20 сәуір­де ол отанасы деп танылып, об­л­ыс­тық көші-қон поли­циясы бас­қармасының №96 ше­ші­мі­мен оралман мәртебесін алады. Аленаның анасы Гүлнар Жақ­сылықованың ұлты қара­­қалпақ болғандықтан, Қазақстан Республикасының заң­­намасына сәйкес ол оралман мәртебесін алмайды, Алена­ның отбасына мүшесі бо­л­ып жазылып, тіркеледі, он жыл мерзімге ықтиярхат ала­ды. Айымгүл қария ол кез­де Өзбекстандағы Дариға деген қызының қолында қа­лады. Көп ұзамай, бір жылдан кейін Дариға тұрмыс құ­ра­ды да, Айымгүл әжей қызы Гүл­нардың, немересі Аленаның қо­лына келгенін қалайды, 2013 жылы мұндағы жиендері әжесін Рудныйға алып келеді. Ал ол кезде Алена Қазақстан Республикасының азаматтығын алған болатын. Ол ұлты қарақалпақ нағашы әжесін Қазақстанда тұрақты тұруға тіркете алмады. Өйткені, Қазақстан Республикасы Үкі­метінің 2003 жылғы 26 қарашадағы қаулысымен бе­кіткен «Қазақстан Рес­пуб­ли­­касындағы тұрақты тұ­ру­ға рұқсаттар алуға үміт­кер шетелдіктердің және аза­мат­­­тығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында бо­лу кезеңіндегі өздерінің тө­лем жасау қабілеттігін растау ере­жесі» бойынша Айымгүл Дәу­летбаева қарияның жеке шотында 1320 еселенген ең төменгі айлық көрсеткіш баламасына тең немесе одан да асатын қаржы болуы тиіс еді. Оны бүгінгі айлық көрсеткішпен есептегенде 2 миллион 995 мың 80 теңге шамасында болады екен. Ал Айымгүл қарияның қо­лында мұндай қаржы жоқ еді. Ол Рудныйға келгелі бала­лары оны Қазақстанның Ресей­мен, Өзбекстанмен ше­ка­ра­сының арасын жол қылудан босамай келеді. Қарт адамды шетелдік ретінде Ресеймен шекарадағы 250 шақырымдай болатын Қайрақ өткізу бекетіне Рудныйдан ай сайын апарып белгілету отбасына да, әжейдің өзіне де жеңіл болмай тұр. – Қыстың көзі қырауда такси жалдап апарамыз, анам кей­де жолда қысылып қалады, – дейді қызы Гүлнар. Әжейдің ба­ла­лары бұл мәселенің ше­ші­мін табуы үшін өткен жы­лы 28 қарашада Облыстық ең­бекті үйлестіру және әлеу­меттік бағдарламалар бас­қар­­масына өтініш жазады. Он­­да атал­ған басқарманың 2012 жы­лы 20 сәуірдегі №96 ше­шім­і­мен Өзбекстаннан келген қан­да­сы­мыз Алена Ахметованы отана­сы деп танып, оған оралман мәртебесі берілгенін, осы шешімге қосымша толық­ты­рулар енгізіп, әжесі Айым­гүл Дәулетбаеваның ұл­ты қа­р­а­­қалпақ екені еске­рі­ліп, орал­­ман мәртебесі бер­іл­мес­­тен, бірақ отбасы мүшесі етіп тануды, оған Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұруға шет ел азаматының қо­ныс­тану ықтияр хатын беруді сұраған болатын. Бірақ аталмыш басқарма Өзбекстаннан келген ағайынның бұл өті­нішін қанағаттандыра алған жоқ. Олар да Қазақстан Рес­пуб­ликасының заңына сүйенді. «Халықтың көші-қоны туралы» Заңының 25-бабына сәй­кес оралман мәртебесі ҚР аза­маттығын алғаннан кейін тоқ­татылады. Осы құжатқа сәй­кес Облыстық ішкі істер де­партаментінің көші-қон по­лициясы басқармасының Алена Ахметоваға оралман мәр­тебесін берген 2012 жылғы 20 сәуірдегі шешімі өз күшін тоқ­татқан болатын. Енді ұлты қара­қалпақ Айымгүл әжей Қазақстан азаматы болған өз немерелері отбасының мүшесі бола алмайды, ол шетелдік азамат ғана. Ал алыстан атажұрт деп жеткен ағайынның талабы басқаша. Олар «Консти­туциялық құқымыз бұзылды» дейді. – Еліміз Ата заңының бетін ашқаннан-ақ 1-бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеу­мет­тік мемлекет ретінде орнық­ты­­рады, оның ең қымбат қа­зы­насы – адам және адам­ның өмірі, құқықтары мен бос­тан­дықтары», ал 27-баптың 3-тармағында: «Кәмелетке тол­ған еңбекке қабілетті бал­алар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті» деген жазу көзге ұрып тұр. Менің балаларымның атасы, әкесі қазақ, біз анам екеуміздің ұлтымыз қарақалпақ. Енді ұлты өзге болған болған соң, респуб­лика заңына сәйкес келмейді деп анамызды Өзбекстанға қай­тарып жібереміз бе? – дейді Гүлнар Жақсылықова. Осы мә­селемен отбасы Рудный қалалық сотына да жүгініпті. Б­і­­рақ Рудный қалалық со­ты да алдымен Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуын маңызды деп есептеп, Айымгүл Дәулетбаева қарияның балалары берген арызды қанағаттандырған жоқ. Еліміздегі заң шығарушы орган Парламент депутаттары көші-қон туралы немесе сырттан келетін ағайындарға байланысты басқа да заң күші бар құжаттарды дайындағанда аралас некеге құрылған отбасылары жөнінде ескергені, мәселені нақтылағаны жөн еді. Аралас неке қазір ешкімге таңсық емес, өмірдің қай елде де жиі кездесетін көрінісіне айналған. Қостанай облысына шет ­ел­дегі қандастарымыз тек Өзбекстаннан ғана емес, өзге ел­дерден де келіп жатыр. Көр­ші Ресейден келгендер аға­- й­ын­ға отбасы мүшесі қай ұлт болса да, қашан келсе де олар­ға кедергі жоқ. Әңгіме 1999 жылы 26 ақпандағы «Беларусь республикасының, Қазақстан рес­публикасының, Қыр­ғыз республикасының және Ресей Федерациясының ара­сын­­дағы азаматтық алудың оңай­­латылған тәртібі туралы келісімде» жатса керек. Мұн­дай келісім Өзбекстан мен Қазақстан мемлекеттері ара­­сында жасалмаған. Ал ата­жұрт­қа келген шетелдік қан­дас­тармен жұмыс істейтін бас­қар­малар олардың жағдайын түсін­генімен, Қазақстан Рес­пуб­­ликасының заңдарын сақ­тау­ды басты мақсат тұтады. Қыс­қасы, былай тартса өгіз өле­ді, олай тартса арба сынады. Өзбекстаннан оралған аға­й­ы­нның атажұртта кездесіп отыр­ған қиындығы бір бұл емес. Қазір кейінгі келген ағай­ын­дардың Қазақстанның аза­­маттығын алғанымен, өз­бек­­стан­дық төлқұжаттары қал­та­сын­да жүр. – Барлығымыздың да Өзбек­стан­да туған-туыс­та­рымыз қал­ды. Ол жақ­қа баратын­дай жағдай туа қалса, онда өз­­бекстандық төлқұжатын тап­­­сырмағандарды құқық бұз­ға­ны үшін ұстап, жауапқа тар­тып, айыппұл салады. Өйт­кені, бұрын азаматтық ал­ған­нан кейін өзбекстандық төл­құжат­ты жергілікті көші-қон полициясы алып қалып, ел­ші­лікке өздері апарып тапсыра­тын. Ал қазір осы міндетті көшіп кел­гендердің өздеріне жүк­теп қойған. Төлқұжатты бір үй­ден жинап, бір адам апарып тапсырса жарайды ғой, әр төл­құ­жат иесі өзі апарып тапсыруы тиіс. Оның 150 долларға дейін төлейтін шығындары та­ғы бар. Ал Өзбекстаннан кө­шіп кел­ген­дердің отбасын­да ке­мінде үш адам бар, оның бар­лығы бір үйден елші­лікке ба­руға жағ­дайы кө­тере бер­мейді, – дейді Өзбек­стан­нан қоныс аударып кел­ген ағайынның бірі Талғат Ахметов. Қандастарымыз қазір қо­ныс­­­танып жатқан Рудный қала­сы маңындағы ағайынның ара­сы­нан зейнетақысы жөнінде де істің нақты шешімін білмей, ерсілі-қарсылы теңселгендерді көруге болады. «Екі көш бір өртпен тең» деп қазекем айт­пақ­шы, көшіп-қону ешкімге оңай тірлік емес. Оның үстіне ше­кара асып дегендей, бір елден бір елге қоныс аударудың, қанша атамекен дегенмен ой-шұ­қырын әлі білмеген жаңа қоныс­тың қиындығы тағы бар. Барлығы да қаржыны та­лап етеді. Өзбекстаннан кел­­г­ен ағайынның барлығы дер­лік балалы-шағалы, үлкен от­басы болып келеді. Ретке кел­тіре алмаған құжаттар олар­дың күнделікті күнкөрісін қиын­да­тады. Сонымен, атамекен деп, қазағым деп құшағын аша келген ағайынның да кө­ңіл түкпірінде өгіз жегілген арбаның ми тесер шиқылы се­кілді тірлігі титықтап тұрған жай бар. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан» РУДНЫЙ