10 Қыркүйек, 2011

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бұйрығы №114

367 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
2010 жылғы 19 наурыз,  Астана қаласы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы Нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында бұйырамын: 1. Мына бұйрықтардың: 1) «Келесі күнтізбелік жылға арналған есірткі құралдарымен және психотроптық заттармен қамтамасыз ету нормативтерінің есептеу және бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті төрағасының 2002 жылғы №125 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 жылғы №13, 823-құжат); 2) «Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды ветеринарияда пайдалану тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі-Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 28 маусымдағы №116 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 26 шілдеде №4312 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2007 жылғы наурыз, №3, 239-құжат); 3) «Келесі күнтізбелік жылға арналған есірткі құралдарымен және психотроптық заттармен қамтамасыз ету нормативтерінің есептеу және бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 1 тамыздағы №135 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 14 тамызда №4338 болып тіркелген,Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2007 жылғы наурыз, №3, 238-құжат); 4) «Тұтыну, қамтамасыз ету нормативтерін бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті төрағасының 2002 жылғы 22 қарашадағы №126 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылғы 26 қарашадағы № 2057 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 жылғы, №11, 810-құжат) күші жойылды деп танылсын. 2. Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті: 1) осы бұйрықты Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінен алу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін; 2) осы бұйрықты мерзімді баспасөз басылымдарында жариялауды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық ішкі істер органдарының жеке құрамына жеткізілсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары А.Әубәкіровке жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  Министр      С.БАЙМАҒАНБЕТОВ.