10 Қыркүйек, 2011

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы №14-1/392

367 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
2011 жылғы 12 шілде, Астана қаласы Мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш кесу жасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Орман кодексінін 13-бабын іске асыру мақсатында бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш кесу жасы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Министр А.МАМЫТБЕКОВ. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 12 шілдедегі №14-1/392  бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры аумағында  үшін ағаш кесу жасы № п/п    Тұқымдар    Мемлекеттiк орман қорының санаттары мемлекеттік табиғи қорықтар ормандары, мемлекеттiк ұлттық табиғи саябақтар ормандары, мемлекеттiк табиғи резерваттар ормандары, мемлекеттiк өңірлік табиғи саябақтар ормандары, мемлекеттiк қорық аймақтары ормандары, табиғаттың мемлекеттiк орман ескерткiштерi, орманның гендiк резерваттарын қоса, ғылыми маңызы бар орман учаскелерi, аса құнды орман алаптары, жаңғақ кәсiпшiлiгi аймақтары, орман-жемiс екпелерi, аса биiк тау ормандары, мемлекеттiк қорғаныштық орман белдеулерi, қала ормандары мен орманды саябақтар, елдi мекендердiң және емдеу-сауықтыру мекемелерiнiң жасыл аймақтары, эрозияға қарсы ормандар, өзендер, көлдер, су қоймалары мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы тыйым салынған орман белдеулерi, халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдары, каналдар, магистральдық құбырлар мен басқа да желiлiк құрылыстардың бөлiп берiлген белдеулерiндегi қорғаныштық екпелер, халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдары бойындағы қорғаныштық орманды белдеулер;     егiс-топырақ қорғаныштық ормандар жасы, жыл    сыныптардың жасы    жасы, жыл    сыныптар- дың жасы 1    2    3    4    5    6 1    Қарағай    141-160    8    121-140    7 2    Шырша    141-160    8    121-140    7 3    Майқарағай    121-140    7    101-120    6 4    Балқарағай    161-180    9    141-160    8 5    Самырсын қарағай    241-280    7    201-240    6 6    Қайың    71-80    8    61-70    7 7    Көктерек    51-60    6    41-50    5 8    Терек    51-60    6    41-50    5 9    Ағаш тәрізді тал    51-60    6    41-50    5 10    Шаған    61-70    7    51-60    6 11    Үйеңкі    61-70    7    51-60    6 12    Шегіршін    61-70    7    51-60    6 13    Жиде    41-50    5    31-40    4 14    Шетен    26-30    6    21-25    5 15    Мойыл    26-30    6    21-25    5 16    Алма ағашы    51-60    6    41-50    5 17    Арша    101-120    6    81-100    5 18    Тал шыбық    6    6    5    5 19    Шілік қайың    26-30    6    21-25    5 20    Долана    26-30    6    21-25    5 21    Шәңгіш    26-30    6    21-25    5 22    Шырғанақ    26-30    6    21-25    5 23    Басқа талдар (жыңғыл, жүзгін, қарақат, итмұрын, сары қараған, ұшқат, қараған, ырғай, итшомырт, танқурай, тобылғы, шенгел, қызыл тал    11-12    6    9-10    5 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 3 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №7101 болып енгізілді.