10 Қыркүйек, 2011

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұйрығы №02-01-02/176

512 рет
көрсетілді
18 мин
оқу үшін
2011 жылғы 25 тамыз «Мемлекеттік қызметшілердің қызмет тізімі үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі № 02-01-02/59 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы № 357 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ереженің 17-тармағына сәйкес, бұйырамын: 1. «Мемлекеттік қызметшілердің қызмет тізімі үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі № 02-01-02/59 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2290 тіркелген, 2003 жылғы 23 мамырда № 123-124 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: жоғарыда аталған бұйрыққа қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда мазмұндалсын. 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз ету департаменті (Өтешев М.Ы.) заңнамада бекітілген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейіннен оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Төраға        А. БАЙМЕНОВ. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 25 тамыздағы  №02-01-02/176 бұйрығына  қосымша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері  агенттігі Төрағасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі  №02-01-02/59 бұйрығына  қосымша үлгі ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК I. ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ ___________________ ___________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты фамилия, имя, отчество) __________________________ (жұмыс орны, қызметi, санаты место работы, должность, категория) Туған күні (күнi, айы, жылы)/ Дата рождения (число, месяц, год) Туған жерi/ Место рождения Ұлты/ Национальность        Бiлiмi/ образование Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы/ Год окончания и наименование учебного заведения Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi/ Квалификация по специальности Шетел тiлдерiн және ТМД халықтарының тiлдерiн бiлуi/ Владение иностранными языками и языками народов СНГ        Ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы/ Ученая степень, ученое звание Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары/ Государственные награды, почетные звания Дипломатиялық дәрежесi/ Дипломатический ранг        Әскери, арнайы атақтары, сыныптық шенi/ Воинское, специальное звание, классный чин Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртiптiк жазалар берiлгенi туралы мәлiмет/ Сведения о дисциплинарных взысканиях за совершение коррупционного правонарушения        Арнайы тексеру нәтижелерi/ Результаты специальной роверки Аттестацияның күнi және нәтижелерi/ Дата и результаты аттестации         Мемлекеттiк қызметшiнiң ант берген күнi/ Дата принесения присяги государственным служащим Қайта даярлау курстарын, біліктілікті арттыру семинарларын өту күні Дата прохождения курсов переподготовки, семинаров повышения квалификации Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн: сонғы 12 айдың ішінде орындалған (салынған күні); осы уақытқа дейін орындалмағанәкімшілік жаза берiлгенi туралы мәлiмет/ Сведения о наложении за совершение коррупционного правонарушения административного взыскания, которое: - исполнено в течение последних 12 месяцев (дата наложения) - не исполнено до настоящего времени II. ЕҢБЕК ЖОЛЫ ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ Датасы/ Дата    Қызметi, жұмыс орны, ұйымның орналасқан жерi/ Должность, место работы, местонахождение организации қабылданған/ приема    босатылған/ увольнения Кадр қызметiнiң басшысы: _______________________________________ Руководитель кадровой службы: (тегi, аты, әкесiнiң аты/ фамилия, имя, отчество) Қолы __________________ Датасы «_____» __________________ ж./г. Подпись Дата М.О. М.П. III. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІГЕ МІНЕЗДЕМЕ /ХАРАКТЕРИСТИКА НА ГОСУДАРСТВЕННОГО СЛУЖАЩЕГО (басқа лауазымға ауысқан жағдайда мемлекеттік қызметшінің басшысымен толтырылады/ заполняется руководителем государственного служащего в случаях перевода государственного служащего на другую должность) Функционалдық міндеттер/ Функциональные обязанности ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________Мінездеме/Характеристика    Балдар/Баллы Көшбасшылық қасиеттері және жұмысты ұйымдастыруға қабілеті* Лидерские качества и способность организовать работу Жауапкершілік және орындаушылық Ответственность и исполнительность Еңбек тәртібін, қызмет этикасы нормаларын, мемлекеттік органның ішкі тәртібін сақтау Соблюдение трудовой дисциплины, норм служебной этики, внутреннего распорядка государственного органа Мемлекеттік тілді меңгеру Знание государственного языка Бастамашылық Инициативность Адамдармен қарым-қатынас және командада жұмыс жасау Коммуникативность и работа в команде Мемлекеттік қызметшіні сипаттайтын баска да мәліметтер: Другие сведения, характеризующие госслужащего: * басшы лауазымдағы адамдар үшін / для лиц, занимающих руководящие должности Мемлекеттік қызметшінің басшысы/ Руководитель государственного служащего: Т.А.Ә./ Ф.И.О. _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Лауазым/Должность _____________________________________________________________________ Қолы/ Подпись __________________________________________________________________________ Датасы/Дата_______________________________________________________________ Мінездемемен таныстырылды/С характеристикой ознакомлен (а): Т.А.Ә/ Ф.И.О. ___________________________________________________________________________ Қолы/Подпись __________________________________________________________________________ Датасы/Дата    ___________________________________________________________________________ Мінездемемен келіспеген жағдайда негіздеме/В случае несогласия с характеристикой обоснование:___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Кадр қызметiнiң басшысы: ________________________________________________________________ Руководитель кадровой службы: (тегi, аты, әкесiнiң аты/ фамилия, имя, отчество) М.О. М.П. Ескертпе: үшінші бөлім одан ауысатын мемлекеттік органмен толтырылады Примечание: трети раздел заполняется государственным органом, из которого осуществляется перевод государственного служащего Қызметтік тізімге Қосымша Мемлекеттік қызметшілердің қызмет тізімі үлгісін толтыру бойынша әдістемелік ұсынымдар 1. Осы Әдістемелік ұсынымдар мемлекеттік қызметшілердің қызмет тізімі үлгісін толтыру бойынша ортақ талаптарды белгілейді және ұсынымдық сипатта болады. 2. Қызмет тізімінің үлгісі Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» № 453 Заңының 8-бабының 10-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы № 357 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ереженің 17-тармағына сәйкес әзірленді. Осы үлгіні енгізудің негізгі міндеті мемлекеттік қызметші туралы мәліметтерді тіркеу болып табылады. 3. Қызмет тізімінің әрбір беті мемлекеттік органның мөрімен куәландырылады. 4. Қызмет тізімі мынадай бөлімдерден тұрады: I бөлім. Жеке деректер, онда мемлекеттік қызметшінің негізгі төлқұжат деректері, білім туралы және басқа да деректері көрсетіледі. Тегі, аты, әкесінің аты деген баған жеке басын куәландыратын құжатқа толық сәйкестікпен толтырылады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жазалар берілгені туралы мәліметтер деген бағанда құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары хатының күні мен нөмірі және жазаға тартылғандығы әлде тартылмағандығы туралы деректер көрсетіледі. II бөлім. Қабылданған және босатылған уақыты деген бағандарда еңбек жолы толық көрсетіледі (күні, айы, жылы). Келесі бағандарда лауазымы, жұмыс орны, ұйымның орналасқан жері көрсетіледі. I және II бөлімдерді толтыру кезінде барлық бағандар толтырылады. III бөлім. Мемлекеттік қызметшіге мінездеме мемлекеттік қызметші басқа лауазымға ауысу тәртібімен орналасу жағдайында әзірленеді. Мінездемені ол осыған дейін жұмыс істеген мемлекеттік органның басшы толтырады. Функционалдық міндеттер мемлекеттік органның басшысы бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес толтырылады. Кестеде мемлекеттік қызметшінің басшысы оның қызметіне мінездеме береді. Мемлекеттік қызмет­шінің қызметі 4 баллдық шкаламен бағаланады: 5 - өте жақсы, 4 – жақсы, 3 – қанағаттанарлық, 2 – қанағаттанарлықсыз. Көшбасшылық қасиеттері және жұмысты ұйымдастыру қабілеті 5 – қойылған міндеттермен өз бетімен және тиімді жұмыс істей алады. Функционалдық қызмет саласын жетілдіру мен дамытуға қызметкерлерді үнемі бағыттап отырады. Балама әрекет нұсқалары белгісіз не күмәнді болған жағдайларда белгіленген қалыптан тыс басқарушы шешімдерді қабылдауға қабілетті. 4 – жүктелген міндеттерді сапалы орындайды, ағымдағы қызметтің тиімділігін арттыруға қызметкерлерді үнемі бағыт отырады. Күрделі жағдайларда уақтылы шешім қабылдауға, жауапкершілікті өзіне алуға қабілетті. 3 – жұмысты ұйымдастыруы жүктелген функционалдық міндеттерді, тапсырмалар мен іс-шараларды толық және уақтылы орындауына барлық кезде мүмкіндік бермейді. Жұмыстағы кемшіліктерді баяу түзетеді. Мәселелерді шешу кезінде жиі уақыты жетпей қалады. 2 – жұмысында елеулі қателіктер орын алады, мәселелерді шешу бойынша дағдылары жеткіліксіз, күрделі жағдайлар туындаған жағдайда дұрыс шешім қабылдауға және жауапкершілікті алуға қабілетсіз. Жауапкершілігі мен орындаушылығы 5 – жұмысты сапалы, негізінен қатесіз орындайды, орындаған жұмысының мазмұнына сай ақпаратты сауатты баяндай алады. Қарауындағы уақыт пен ресурстарды пайдалана отырып, басым мақсаттарды белгілей алады. 4 – жұмыс сапасы қойылатын талаптарға сай келеді, қателіктер сирек кездеседі. Өз жұмысын жоспарлай және жұмыс уақытын тиімді пайдалана алады. 3 – қателіктер жиі кездеседі, жұмысының нәтижелері тексеру мен түзетуді қажет етеді. Өз жұмысын жоспарлауда және жұмыс уақытын пайдалануда қиындықтар орын алуы мүмкін. 2 – жұмыс сапасы төмен, жұмыс нәтижелері үнемі елеулі түрде қайта қаралады. Жұмысын жоспарлай алмайды. Еңбек тәртібін, қызметтік әдеп нормаларын, мемлекеттік органның ішкі тәртібін сақтауы 5 – жауапкершілік, өзін-өзі ұйымдастыру мен өзінің тәртібін сақтау дәрежесі жоғары. 4 – еңбек және атқару тәртібі талаптарын сақтайды, тапсырылған барлық жұмысты адал орындауға тырысады. 3 – еңбек және атқару тәртібінің бұзылуына жол береді, тапсырылған жұмысты орындауға ерекше зейін салып қарамайды. 2 – ішкі тәртіп пен регламентті жиі бұзады, жұмыста жауапсыздыққа және немқұрайлыққа жол береді. Мемлекеттік тілді білуі 5 – еркін жазады және оқиды. Сөздік қоры мол. Айтылған сөздерді түсінеді және ақпаратты дұрыс қабылдайды. Адамдармен қиналмай сөйлесе алады. 4 – сөйлем құрудың қарапайым құрылымдарын пайдалана отырып, адамдармен сөйлескенде жеңіл түсініседі. Адамдар оның айтқанын түсінеді. Сөздік қоры шектеулі, бірақ ол сөздік қорын тікелей қарым-қатынас үрдісінде толықтыра алады. 3 – кейбір сөздерді ғана түсінеді, кез келген тақырып бойынша әңгімелесуге қиналады. Сөйлегенде көптеген қателіктерге жол береді. 2 – мемлекеттік тілді мүлдем білмейді. Бастамашылдығы 5 – өз жұмысында бастамашыл және өзіне қосымша жүктемелерді алады, мәселелерді шешудің жаңа тәжірибелерін, әдістерін зерделейді және қолданады. Күрделі жағдайларда олардың шешімдерін таба алады. 4 – қосымша тапсырмалар мен міндеттемелерді орындауға дайын, өз жұмысын бағалайды және оны жақсартуға тырысады. Ағымдағы жұмыс мәселелерін өз бетінше шеше алады. 3 – бастамашылық көрсетпейді, қосымша тапсырмаларды орындауға тырыспайды, көп жағдайларда мәселелерді басқалардың шешуін күтеді. Қарапайым тапсырмаларды ғана өз бетінше орындай алады. 2 – жұмысқа мүдделілік танытпайды, енжар, басшының нұсқауынсыз әрекет ете алмайды. Икемділігі мен командадағы жұмысы 5 – басқа қызметкерлермен ынтымақтаса отырып, тиімді жұмыс істейді, өз білімімен және тәжірибесімен бөліседі. 4 – өз қызметін басқалармен үйлестіре алады, іскерлік ынтымақтастыққа дайындығын көрсете біледі, қажет болған жағдайда әріптестеріне көмектеседі. 3 – тек өзінің функциялары мен міндеттеріне баса назар аударады, іскерлік ынтымақтастықтан жалтаруы мүмкін, команданы қолдауға ынта білдірмейді. 2 – басқа қызметкерлермен ынтымақтастыққа ұмтылмайды, командалық жұмысқа қатысудан бас тартады. Қажет болған жағдайларда мемлекеттік қызметшіні сипаттайтын қосымша мәліметтер көрсетіледі. Бұл деректер еркін нысанда, бағалау балынсыз көрсетіледі. 5. Мемлекеттік қызметші мінездемемен бір жұмыс күні ішінде таныстырылуы тиіс. Мінездемемен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметші келіспеу себебінің жазбаша негіздемелерін келтіруге құқылы. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының «Мемлекеттік қызметшілердің қызмет тізімі  үлгісін бекіту туралы» 2003 жылғы   29 сәуірдегі № 02-01-02/59 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының  2011 жылғы 25 тамыздағы № 02-01-02/176 бұйрығына түсіндірме (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011жылғы 25 тамызда  №7139 тіркелген) Азаматтардың өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылау құқығы мемлекеттік қызметтің маңызды принциптерінің бірі болып табылатын жалпы қол жетімділік принципіне негізделеді. Бұл принцип Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңында бекітілген. Заңның 8-бабында  мемлекеттiк қызметшiнiң бiлiктiлiгi мен қабілетi, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып, қызметi бойынша жоғарылатылуға құқығы бекітілген. Қазіргі кезде бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға барлық тағайындаулардың 70%-на дейін ауысу  тәртібімен жүзеге асырылады. Бұл шамамен жылына жиырма екі мың тағайындауды құрайды. Заңнамаға сәйкес, мұндай жағдайда мемлекеттік қызметші бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сай болуы тиіс. Сонымен қатар,  мемлекеттік қызметшінің өзіне қойылатын негізгі талаптар екеу-ақ, олар жұмыс өтілі мен білімі бойынша талаптар. Осылайша, егер мемлекеттік қызметшінің жеткілікті жұмыс өтілі мен тиісті дипломы болса, онда ол тиісті лауазымға ауысу тәртібімен тағайындала алады. Бұл ретте, оның бұрынғы лауазымдағы жұмыс нәтижелері, оның қызметтік міндеттерін орындауына берілген баға, кәсіби және жеке қасиеттері, басқа да нақты қабілеттері, сондай-ақ кәсіби дайындығының көрсеткіштері ескерілмейді. Шын мәнінде, мемлекеттік қызметшіні конкурссыз ауысу тәртібімен тағайындаған жағдайда, оның жоғарыда аталған қасиеттерін бағалауды бұрынғы жұмыс орнының беруін қамтамасыз ететін толыққанды тетік жоқ. Мемлекеттік орган өзінің қызметкерін қабылдау туралы шешім қабылдағалы жатқан мемлекеттік органға ауысып жатқан қызметшісінің жоғарыда аталған көрсеткіштері туралы бағаны беруі міндетті емес. Осыған байланысты Агенттіктің осы бұйрығы заңнама бойынша әрбір мемлекеттік қызметшіге толтырылатын және бос лауазымдық орны бар мемлекеттік орган мемлекеттік қызметшіні ауысу тәртібімен тағайындауды келісу үшін Агенттікке ұсынатын құжатқа – қызмет тізіміне өзгерістер енгізуді көздейді. Агенттіктің бұйрығына сәйкес қызмет тізіміне «Мемлекеттік қызметшіге мінездеме» атты жаңа бөлім енгізілді. Бұл бөлімді, жалпы қызмет тізімін сияқты  мемлекеттік қызметші бұған дейін жұмыс істеген мемлекеттік орган толтырады. Мінездеме бірнеше көрсеткіштер бойынша толтырылады, олар: көшбасшылық қасиеттері және жұмысты ұйымдастыру қабілеті (басшылық лауазымдағы адамдар үшін), жауапкершілігі мен орындаушылығы және тағы басқалары. Олардың әрқайсысы 4 баллдық шкала бойынша бағаланады. Толығырақ Агенттік бұйрығына қосымшаларды қарап, танысуға болады. Қажет болған жағдайда мемлекеттік орган мемлекеттік қызметшіні сипаттайтын басқа да  мәліметтерді келтіруі мүмкін. Олар еркін нысанда, балл қою қолданылмай-ақ беріледі. Мемлекеттік қызметші мінездемемен таныстырылуы тиіс. Мінездемемен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметші келіспеу себебінің жазбаша негіздемелерін келтіруге құқылы. Бұл үшін қызмет тізімінің осы бөлімінде арнайы жол көзделген. Агенттіктің бұйрығымен қызмет тізімінің қолданыстағы бөлімдеріне өзгерістер енгізілді. «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік қызметші қызметтік міндеттерін тиімді атқаруы үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға міндетті. Осыған байланысты жаңа баған көзделген: «Қайта даярлау курстарын, біліктілікті арттыру семинарларын өту күні». Сондай-ақ тағы да бір  жаңа баған  көзделген: «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшiн әкімшілік жазаны қолдану туралы мәліметтер, оның ішінде: соңғы 12 айдың ішінде орындалғаны (қолданылған күні); осы уақытқа дейін орындалмағаны». Аталған баған «Мемлекеттік қызмет туралы» заң талаптарының  толығымен орындалуын қамтамасыз ету үшін енгізілді. Осы талапқа сәйкес  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн әкiмшiлiк жазаны қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап бiр жыл iшiнде мемлекеттік қызметшіні ауысу тәртiбiмен тағайындауға жол берiлмейді. Қызмет тізімінің нысандарын толтырудың бірыңғай тәсілдерін камтамасыз ету үшін Агенттік Әдістемелік ұсынымдарды бекітті, олар бұйрықтың қосымшасы болып табылады және оның құрамдас бөлігін құрайды. Осылайша, қызмет тізімі ауысу тәртібімен тағайындалуға кандидатураны қарастырып жатқан мемлекеттік органға үміткердің бұрынғы жұмыс орны берген оның қабілеттері мен кәсіби дайындығы жөніндегі  ресми бағаны алуына мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметшіні ауыстыру туралы шешім қабылдайтын бұрынғы жұмыс орнындағы да, жаңа жұмыс орнындағы да лауазымды адамдардың  жауапкершілік деңгейін арттыруға ықпал ететін болады. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі №119 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасына» сәйкес мемлекеттік қызмет саласындағы кадр саясатын жетілдіру бойынша Агенттік жүргізіп жатқан жұмыстың аясында қабылданды. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 25 тамыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №7139 болып енгізілді.