10 Қыркүйек, 2011

Жәрмеңке – молшылық белгісі

450 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Мемлекеттік хат­шы Қанат Саудабаев пен Астана қа­ласының әкі­мі Иманғали Тас­мағам­бе­тов ел Тәуел­сіздігі­нің 20 жыл­дығына орай 8-9 қыр­­күйек күндері елорда­мыз­да өткен Аты­рау, Жамбыл және Шы­ғыс Қазақстан облыстары­ның ауыл­ ша­руа­шы­лығы тауарлары жәрмеңкесін аралап көрді. Мемлекеттік хатшы алды­мен Астана қаласындағы «Хан Ша­тыр» сауда-ойын-сауық ор­та­лығы жанындағы алаңда «Кө­не Тараз жәрмеңкесі» деген атпен өтіп жатқан Жамбыл облысының жәр­мең­кесіне ат­ба­сын тіреді. Облыс әкімі Қа­нат Бозымбаев Мемлекеттік хатшы мен Астана қаласының әкіміне өңірдің әлеуметтік-эконо­мика­лық даму жетістіктері туралы бая­ндап, көне Әу­лие­ата жерінен жеткен жәр­мең­кедегі ауыл ша­руашылығы еңбеккерлерінің өнім­дерімен таныстырды. Одан кейін Қанат Саудабаев пен Иманғали Тасмағам­бетов «Отан-Ана» монументі алаңында бой көтерген Атырау облысының жәрмеңкесін аралап көрді. Өңір басшысы Бергей Рысқалиев олар­ды өңірдің макроэкономикалық көрсет­кіш­терімен таныстырып, Аты­рау облысының тәуел­сіз­дік­тің 20 жылында жеткен әлеу­мет­тік-экономикалық жетістіктері туралы қысқаша айтып берді. Астана қаласы әкімдігі ал­дын­дағы орталық алаңда қо­ныс теп­кен Шығыс Қазақстан облы­сының жәрмеңкесі мен өңірде шығарылып жатқан автомобиль көліктерінің көр­ме­сін аралап шыққан Мемлекеттік хатшы Тәу­елсіздіктің 20 жыл­дығына орай­ластырылған об­лыс күндері аясында ұйым­дас­ты­рылған Шы­ғыс өңірінің жәрмең­кесіне жоға­ры баға берді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Мемлекеттік хат­шы мен Астана қала­сы­ның әкі­міне өңір жетістіктері көр­ме­­сіне қой­ыл­ған техникалар мен жәр­меңке сө­релерінде сыңсыған ауыл ша­руашылығы өндірісі тау­ар­­ларын паш ете келіп, елі­міз­дің ірі өн­дірістік айма­ғы­ның 20 жыл ішінде жеткен жетістіктері тура­лы жан-жақты баяндап берді. Мемлекеттік хатшы Қанат Сау­дабаев Астана қаласында өт­кі­­зі­лген өңірлердің бұл жәр­ме­ң­кесінің әлеуметтік маңыз­ды­лы­ғын атап көрсетті. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ.