«Нұр Отан» ХДП Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Боран Рахымбеков жұмыс сапарымен облыста болып қайтты. Оның жұмыс сапарының мақсаты – облыстағы салынып жатқан маңызды нысандардағы жұмыс сапасына назар аудару, оларда жұмыс істейтін жұмысшыларға еңбекақы төлеудің заңдылығын, қажетті тұрмыстық жағдай жасаудың барысын қадағалау, партиялық бақылау бекеттерінің жұмысымен танысу, кемшіліктер анықталған жағдайда оны жоюға ықпал ету.
Партиялық бақылау комитетінің төрағасы алдымен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің 102 шақырым болатын «Ақтөбе – Мәртөк – Ресей шекарасы» автомобиль жолы құрылысының барысымен танысты. Облыс орталығынан шығатын жолдың бесінші шақырымынан бастап Ресейдің шекарасына дейінгі жол құрылысын салып жатқан Түркияның «CENGIZ INSAAT» фирмасы екен. Жол бойындағы жұмыс жайында «Ақтөбе – Мәртөк – Ресей шекарасы» автомобиль жолын қайта жарақтандыру жобасының жетекшісі Йигит Языджи баяндады. Оның айтуынша, бұл жобаны мерзімінен бұрын аяқтаудың барлық мүмкіндіктері бар.
Жол бойында 14 көпір салынуы тиіс. Қазір Ақтөбе қаласынан Саржансай ауылына дейін 45 шақырымда жұмыс қызу жүргізілуде. 25 шақырымға екі қабат сапалы қатты жамылғы төселіпті. Қысқа дейін 40 шақырымға асфалть төсеу аяқталады. Жұмыс екі ауысыммен жүргізілуде. Жол құрылысына қажетті қиыршық тас, темір-бетон жақын жерден жеткізіледі, битумның қажетті қоры жасалған. Жобаны жүзеге асыруға 894 адам қатысуда, соның 65-і ғана түрік азаматы, қалғандары жергілікті жұмысшылар. Мұнда сондай-ақ сағатына 250 тонна асфальт шығаратын зауыт жұмыс істейді. Жалпы, жобаны жүзеге асыруға 14 миллиард теңге қаралған.
– «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің Ақтөбе облысы аумағында қыруар жұмыс атқарылуда. Біз осында жұмыс істейтін азаматтарымыздың құқықтары бұзылмай ма, жұмыс сапасы сақтала ма, соны қадағалауға келдік. Әрбір учаскеде партиялық бақылау бекеттері жұмыс істейді. Бұдан басқа Партиялық бақылау комитетінің араласуымен осы жобаға Ақтөбе қаласын солтүстіктен айналып өтетін қосымша жол құрылысын салу қолға алынды. Сонда қала ішімен өтетін автокөліктер саны анағұрлым азаяды, – деді Боран Ғизатұлы.
Б.Рахымбеков жұмысшылар тамақтанатын 150 орындық асханада болып, жұмысшылардың жатын орнын, медпунктті көрді, жұмысшылармен жүздесіп, хал-жағдайларына қанықты. Сонымен қатар, жаңадан пайдалануға берілген облыстық балалар клиникалық ауруханасында болып, осындағы партиялық бақылау бекетінің жұмысымен танысты.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ.
Ақтөбе облысы.

Ертең елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 22:37
«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы референдумға тәуелсіз байқаушылар ретінде қатысады
Референдум • Бүгін, 21:51
Қызылорда облысында жаңа Конституция жобасын қолдау бойынша үгіт-насихат жұмыстары өтті
Ата заң • Бүгін, 21:46
Шаңғы қоссайысы: Шыңғыс Ракпаров 2026 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетуін аяқтады
Олимпиада • Бүгін, 21:15
Аида Балаева мәдениет және ақпарат салаларын жаңғыртудың басым бағыттарын белгіледі
Қоғам • Бүгін, 20:42
Шымкент қаласының тұрғындары Әділетті Қазақстан бағытына қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 20:34
Қоғам • Бүгін, 20:27
Отандық көліктердің бағасы төмендей ме?
Қоғам • Бүгін, 19:46
Маңғыстауда алғашқы инновациялық логопедия және цифрлық білім кабинеттері ашылды
Аймақтар • Бүгін, 19:10
Қазақстан халқы наурыз айында қанша күн демалады?
Қазақстан • Бүгін, 18:49
Рамазанға орай Лондон көшелері безендірілді
Әлем • Бүгін, 18:22
Конституциялық реформаның тарихи мәніне талдау жасалды
Ата заң • Бүгін, 18:12
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:08
Елімізге Азиядан келетін инвестиция көлемі 68 млрд долларға жетті
Экономика • Бүгін, 17:58