Қазіргі таңда, әр қазақстандық жас отбасы тұрғын үйді қажет етеді немесе тұрмысын жақсартуды қалайды. Алайда, жас жанұяға қымбат ипотекалық несиелеуді қолдану шарт емес. Тұрғын үй мәселесін шешуге арналған қолайлы балама бар, ол – тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі. Оның мүшесі болу үшін ерлі-зайыптыларға «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» арнайы «Жас Отау» акциясы шеңберінде шарт жасау қажет.
Тұрғын үй, әсіресе жаңа отбасына әлі де өзекті мәселе болып отыр. Жанұяның құрылуы тұрғын үйлі болуды немесе өз тұрмысын жақсартуды талап етеді. Оның қалыптасуы барысында әрдайым тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігі бола бермейді. Сонымен қатар, «қоғам тетігіне» қаланған кезден бастап әр адамның өмірінде маңызды кезең туады. Өйткені нәресте дүниеге келісімен тұрғын үй алаңын кеңейту қажеттілігі туады.
Соңғы кездері, жастардың отау құруда және тұрғын үй жағдайын жақсарту жолында сенімді қадам жасап келе жатқандары айқын көрініс табуда. Міне, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» бағдарламалары осыған ықпал етеді. Банк қызметінің басталу уақытынан, үстіміздегі жылдың 1 шілде аралығындағы көрсеткіш бойынша 188,3 мың салымшылар жинақ жүйесінің қатысушысына айналды. Ал тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарының сомасы 50,0 млрд теңгеден асты.
1
Соншалықты қомақты қаражаттың мөлшері жергілікті азаматтардың, соның ішінде жас отбасын құрушы жастардың жинақ жүйесі артықшылығын оңды бағалағандығының көрсеткіші. Жанұя құрудың бастапқы кезеңдері: Алғашқы қиындықтар мен алғашқы жетістіктер, сондай-ақ баспаналы болу бақытына тезірек қол жеткізсек деген арман-тілек... Жақындар мен жолдас-жоралардың жаңа үйде немесе пәтерде биік шаңырақ, кең кереге тілеуі бұл арманыңды еселей түседі.
Мінеки, баспана жағдайларын жақсартуда жас отбасыларына қол ұшын беру мақсатында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» «Жас Отау»* акциясын жариялады. Жас отау үшін бұл – баспаналы болудың қайталанбас мүмкіншілігі. Акция мерзімі – 2011 жылдың 1 қыркүйегінен 30 қыркүйегіне дейін. Аталған бағдарламаға жасы жиырма тоғызға толмаған жас жұбайлардың екеуі де қатыса алады. Акция бойынша жинақ шотын ашу кезінде жұбайлардың әрқайсысының комиссиялық алымның 75%-ын ғана төлеуі көзделеді. Мұндай жағдайда, тұрғын үй құрылыс жинақ шартының сомасы 1,0 млн.теңгеден аз болмауы шарт.
«Жас Отау» – баспаналы болудың бірден-бір жолы!
Мендельсон вальсінің үнімен мәңгі бірге болуды қалаған екі жас қол ұстасып келеді. Аққайнарды аспанға шашырата атып, жастарға құттықтаулар айтылады. Әрі қарай дүркіреген шат-шадыман той... Туыстар, жолдастар шын жүректен бақыт, мәңгі махаббат, тілектердің орындалуын және көп бала-шаға болуын тілеп, жастарды шаттыққа бөлейді.
«Жас Отау» акциясының арқасында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» бағдарламаларын қолдана отырып, жас отау баспаналы болады.
Сіздің жинақ пайызыңыз жылдан-жылға өсе береді! Тұрғын үй салымы бойынша жылдық 2% сыйақы қарастырылған. Ал салымның жылдам өсуінің нышаны – жинақтың мемлекеттік сыйлықақы есебінен жыл сайын 20% көбеюі. Тек ынталандыру көлемінің 200 АЕК-нен аспайтынын ескерген жөн.
Пайыздық мөлшерлеме жинақтаған қаражат сомасына тікелей байланысты. Шарт сомасының 0%-дан 25%-ға дейінгі аралықта жинақтаған қаражатқа тиесілі мөлшерлеме жылдық 11% (тиімді жылдық мөлшерлеме - 15,1% дейін) құраса, шарт сомасының 25%-дан 50%-ға дейін жинақтағандарға жылдық 10,5% (тиімді жылдық мөлшерлеме - 17,3% дейін) теңеледі.
Ал шарт сомасының 50% жинаған тұлғаларға баспаналы болуға жол салады. Стандартты аралық тұрғын үй заемдары бойынша жылдық 8,5% (тиімді жылдық мөлшерлеме - 17,5% дейін).
Мерзімінен бұрын жинақтағандар «Жеңіл» аралық заемын қолдана алады. Пайыздық мөлшерлеме жылдық 9,5% (тиімді жылдық мөлшерлеме - 15,7% дейін) құрайды.
«Халық Банкінің» банкоматтары арқылы еш қиындықсыз салымды өтеп, толтыруға болады. Ал шарт жасау кезінде «Қазпошта» әрдайым жаныңызда!
Жанұя – барлық бастамалардың басы десек, тұрғын үй мәселесін шешудің алғашқы қадамын «Жас Отау» акциясымен бірге бастағаныңыз жөн.
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» – мемлекеттік маңызы бар іс!
––––––––––––––
*Ескертпе: аталмыш акция талаптары, бұдан бұрын жасалған тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарына және Қазақстан Республикасының 2005-2007 және 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламаларының қатысушыларына, болашақта Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде баспана алуға несиеленетін, тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарына отырушыларға қатысты болмайды.
Ибраһим Каппасов.
_________________
Қосымша ақпаратты «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-тың мына телефондары арқылы алуға болады: Алматы қ., 279-35-11, Астана қ., 40-72-76, Талдықорған қ., 24-40-48, Қарағанда қ., 43-62-02, Қызылорда қ., 26-26-64, Павлодар қ., 34-08-99, Өскемен қ., 75-48-65, Атырау қ., 32-04-00, Тараз қ., 42-58-80, Ақтөбе қ., 55-72-21, Ақтау қ., 43-96-91, Қостанай қ., 53-38-20, Петропавл қ., 46-62-60, Көкшетау қ., 25-63-04, Шымкент қ., 21-33-62, Орал қ., 54-03-33, Семей қ., 52-22-90 немесе мына сайтта www.hcsbk.kz