14 Қыркүйек, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №780

391 рет
көрсетілді
24 мин
оқу үшін
2011 жылғы 8 шілде, Астана, Үкімет үйі Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеу қағидасын бекіту туралы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 21) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеу қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі   К. МӘСІМОВ.

Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2011 жылғы 8 шілдедегі №780 қаулысымен  бекітілген

Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеу қағидасы

1. Жалпы ережелер

1. Осы Теңіз кемелерімен болған авариялық жағдайларды тергеу қағидасы (бұдан әрi – Қағида) «Caудa мақсатында теңiзде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына сәйкес әзiрленген. 2. Осы Қағида жүзу кезiнде немесе тұрақта кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеу тәртiбiн белгiлейдi. 3. Осы Қағиданың қолданысы: 1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын; 2) олардың жүзуі немесе Қазақстан Республикасының аумақтық және ішкі су жолдары тұрағы кезінде шетел туын көтеріп жүзетін пайдаланудағы теңiз кемелерiне таралады. 4. Осы Қағида Қазақстан Республикасының Әскери-Теңiз Күштерiнiң және шекара қызметінiң теңiз бөлiмдерiнiң туын көтеріп жүзетін кемелерге қолданылмайды. 5. Осы Қағидада мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) авариялық жағдай – апатқа ұшырауға және теңiзде жүзу сапасын жоғалтуға әкеп соқтырған кемемен болған оқиға, кемемен басқа кемені (кемелерді), навигациялық жабдық құралдарының, жағалау құрылыстарын, су асты кабелiн, су асты құбыр жолдарын зақымдау, кеменiң тіркеп сүйреткен объектiсiн жоғалтуы; 2) Комитеттің аумақтық бөлімшесі – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі; 3) навигациялық қауiпсiздiк – навигациялық картаның және жүзуге арналған оқу құралының жеткiлiктiк пен дәлдiгі дәрежесi, навигациялық жабдық құралдарының штаттық орнынан ауысуы және олардың сипаттамаларының өзгеруi туралы навигациялық жедел ақпараттың, уақтылығы, жүзу ауданын гидрографиялық қамтамасыз етудiң толықтығы мен сенiмділігi, радионавигациялық құралдар сипаттамасының тұрақтылығы, ауа райы жағдайын болжау сапасы жүзудiң қауiпсiз жолдары туралы ұсынымдар және теңiзде жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн және басқа факторлары; 4) пайдаланылу шектеулері – авариялық жағдайдың нәтижесiнде пайда болған техникалық жай-күйi деңгейiнiң төмендеуiн және/немесе теңiзде жүзу сапасының нашарлауын, жабдықтауда кемшiлiктердiң пайда болуын, жабдықтаудың толық болмауын ескере отырып, кеменi пайдалану кезеңiнде уәкiлеттi орган белгiлеген талаптарды белгiлi бiр қолданудан шығару; 5) сюрвейер – кемелерді және жүктерді тексерумен айналысатын және олардың жай-күйі, авариялық жағдай кезінде бұзушылықтардың мөлшері туралы, кеменің теңізде жүзуі туралы қорытындыны беретін сарапшы; 6) теңiзде жүзу сапасы – кеменiң берiктiлігіне, орнықтылығына, жүзушілігіне және батпаушылығына қойылатын талаптар жиынтығы; 7) уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті. 6. Авариялық жағдайды тергейтін орган теңiз портының капитаны басқаратын Теңiз портының әкiмшiлiгi (бұдан әрi - ТПӘ) болып табылады. 7. Әр түрлi кеме иелеріне тиесілі кемелердiң соқтығысумен байланысты авариялық оқиғаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы теңiз портының акваториясында болған авариялық оқиғаларды ТПӘ аварияға ұшыраған кеме иесi өкiлдерiнiң қатысуымен тексереді. 8. Навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз етудің кемшіліктерiнен болған авариялық оқиғаны ТПӘ Қазақстан Республикасының Әскери-Теңіз күштері өкiлдерiнiң қатысуымен тергейдi. 9. Шет мемлекеттердiң мүддесiн қозғайтын авариялық жағдайларға, мұзды жерлерде жүзу кезiнде, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу кезінде, навигациялық қауiпсiздiк қамтамасыз етілмейтiн аудандарда немесе жағдайларда жүзу кезiнде болған кеменiң зақымдануын, ТПӘ тергейді. 10. Егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетiн кемемен болған авариялық жағдайды ТПӘ тергейді. 11. Кеме капитаны болған авариялық жағдай туралы кеме иесiне дереу хабарлайды. Егер авариялық жағдай Қазақстан Республикасының аумақтық суларында немесе қазақстандық порт акваториясында болса, хабарлама ТПӘ-ге де жiберiледi, ол болған авариялық жағдай туралы Комитеттің аумақтық бөлімшесіне және көлік прокуратурасына дереу хабарлайды. Комитеттің аумақтық бөлімшесі авариялық жағдайды дереу уәкілетті органға хабарлайды. 12. Шетелдiң аумақтық суларында орын алған авариялық жағдай туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кеме капитаны кеме иесiне, уәкiлеттi органға, дипломатиялық өкiлдiкке немесе консулдық мекемеге хабарлайды. Болған авариялық жағдай туралы кеме сақтандырылған сақтандыру ұйымының өкiлiне де хабарланады. 13. Кеме иесi навигациялық жабдық құралдарының барлық зақымдану жағдайлары туралы ТПӘ-ге, Қазақстан Республикасының Әскери-Теңіз Күштерінің тиісті қызметіне немесе зақымдалған жабдық кімнің қарауында болғанына байланысты су қатынасы мемлекеттiк кәсiпорнына дереу хабарлайды. 14. Барлық авариялық жағдайлар туралы кеме иесі ТПӘ-ге хабарлайды. 15. Авариялық жағдайлар туралы хабарлама мынадай мәлiметтердi қамтуы тиiс: 1) кеменiң атауы, шақыру белгiлерi, типі (сериясы), жасалған жылы мен орны. Мұздан болған авариялық жағдай кезiнде корпустың мұзға қарсы күшейтiлуiнiң нақты санаты көрсетiлсiн; 2) күнi, кемедегі уақыт; 3) аудан (порт, айлақ, бұғаз, шығанақ, рейд, iшкi және аумақтық сулар, ашық теңiз), координаттар; 4) кеменiң соңғы шыққан пункті және оның баратын бағыты; 5) жүкпен немесе тепе-тең, жүктiң түрi (eгep кеме сұйық жүк таситын болса, онда газдан тазарту, инерттi газдардың жүйесi туралы мәлiметтер); 6) гидрометеорологиялық жағдайлар (желдiң бағыты және күшi, теңiздiң толқындауы, кiшкене толқындар, ағысы, көру мүмкiндiгi, мұз жамылғысының сипаты, ауа райы болжамы); 7) бортта лоцманның болуы, тiркеп сүйреудi пайдалану; 8) авариялық жағдайдың мән-жайы: соқтығысу кезiнде: бағыт, жылдамдық, вахтаның құрамы, кеменi кiм басқарды, жағдай (басып озу, қарсы жүзу, қиылысатын бағытпен жүзу); қайраңда тұрған кезде: топырақтың сипаттамасы, авариялық жағдайға дейiн және кейiн шөгуi (алдыңғы, артқы жағымен), шөгудi жоғалту, қисаю, бағыт, тасу мөлшерi, бір сантиметр шөгуге келетiн тоннаның саны, трюмдар, танктер бойынша жүктердi орналастыру, кеме бетiндегi палубадағы жүк, тiркеме арқанның және брагаға арналған арқанның болуы және өлшемi; 9) авариялық жағдайға тап болған кемелердiң атауы, олардың туы, тiркелген порты, иелерi туралы мәлiметтер; 10) кемелердiң теңiзде жүзу қабiлеттерiн жоғалтуы, айлақтың (объектiнiң) пайдаланудан шығарылуы; 11) тегi, аты, әкесiнiң аты, лауазымы көрсетiлген зардап шеккен адамдардың саны; 12) су ортасын ластау, кемеден тасталған мұнай өнiмдерiнiң және басқа зиянды заттардың көлемi, орны, болжамды себебi, түрi және мөлшерi; 13) адамдарға көмек көрсету және құтқару, зақымдануларды және теңiздi ластау салдарын жою жөнiнде қабылданатын шаралар. Суға түсiрiлген құтқару құралдарының саны және типi; 14) өмiршеңдiк үшiн күрес жөнiндегi iс-қимылдарды үйлестiру, кемелермен және жағалаулық станциялармен байланыс; 15) капитанның тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы, бiлiмi, капитан лауазымындағы жұмыс өтiлi, осы кемеде жұмыс істеген уақыты; 16) авариялық жағдайдың мән-жайын және оның зардаптарын сипаттайтын қосымша мәлiметтер.

2. Авариялық жағдайларды тергеу тәртібі

16. Авариялық жағдайды тiркеу үшiн авариялық жағдайға ұшыраған кеме капитаны, кеме немесе оның экипажы бiрiншi қазақстандық портқа келгеннен кейiн болған авариялық жағдай туралы кеме иесіне хабарлайды, сондай-ақ жиырма төрт сағаттың iшiнде ТПӘ-не теңiз порты капитанының атына авариялық жағдай туралы жазбаша өтiнiшті және олар бекіткен техникалық актіні ұсынады немесе жолдайды. 17. Авариялық жағдай туралы жазбаша өтiнiш еркін нысанда жазылады, онда авариялық жағдайға кім ұшырады, күнi, уақыты, болған жерi көрсетіледі. 18. Техникалық актіде мынадай мәліметтер көрсетіледі: 1) күні, орны, кеменің борты; 2) актiнi жасаған тұлғалардың лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты; 3) авариялық жағдайдың түрi, орны және күнi; 4) зақымданулардың толық сипаттамасы және залалды атап көрсету; 5) зардап шеккен адамдардың тiзiмi, жоғалған жүктiң (мүлiктiң, керек-жарақтың, жабдықтардың, жабдықтаудың, радиограммалар көшiрмелерiнің) тізбесі; 6) актiнiң соңында актіні жасаған тұлғалардың қолы қойылады. 19. Авариялық жағдайды ТПӘ лауазымды тұлғасы авариялық жағдай туралы өтiнiштi және техникалық актiні алған кезде Авариялық жағдайларды тiркеу журналына тiркейдi. ТПӘ Авариялық жағдайларды тiркеу журналына авариялық жағдайларды сыныптау туралы мәлiметтердi енгiзедi. ТПӘ кеме капитаны берген құжаттарды қарағаннан кейiн авариялық жағдайды сыныптайды. 20. ТПӘ кеме капитанынан тергеуге қажеттi құжаттарды уақтылы беруiн талап етедi. 21. Кеме капитаны авариялық жағдай туралы құжаттарды тергеу органдарына бередi және Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу заңнамасына сәйкес теңiздiк наразылықты ресiмдейдi. 22. Кеме капитаны кеме немесе оның экипажы бiрiншi қазақстандық портқа келгеннен соң үш тәулiк iшiнде ТПӘ-ге мынадай құжаттарды ұсынады: 1) еркiн түрде жазылатын авариялық жағдайдың жай-күйiн, себептерiн, салдарын оған қатысты тұлғаларды көрсетумен авариялық жағдай туралы толық хабарлама; 2) кеме құжаттарынан көшiрмелер; 3) авариялық оқиғаға қатысы бар тұлғалар мен куәгерлердiң түсiнiктемелерi; 4) қажет болған кезде – өзi жазатын ленталар, олардың мағынасын ашу, төсеммен бірге жол картасы; 5) маневрлеу сызбасы, радиолокациялық планшеттер; 6) зақымданудың сызбалары мен кескіндері; 7) ТПӘ-нің талабы бойынша авариялық жағдайға қатысты құжаттар. 23. Тергеу процесiнде кеме капитаны ТПӘ талап етуiмен авариялық оқиға нәтижесiнде болған кеменiң зақымдануын бағалауға мүмкіндік беретін мынадай қосымша құжаттарды бередi: 1) сүңгуiрдi қарап тексеру байқау және/немесе доктық қарап тексеру; 2) сыныптамалық қоғам немесе Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерлерiнiң техникалық қарап тексеру актi; 3) зақымданулардың фотосуреттерi; 4) жөндеудің алдын ала калькуляциясы; 5) авариялық зақымдарды жоюды жүргiзген мамандандырылған ұйымдардың шоттары; 6) кеменің зақымдануын бағалауға мүмкіндік беретін құжаттар. 7) авариялық жағдай кезінде кеме иеленушi қол қоятын шығындар мөлшерi туралы анықтама, мынадай мәліметтерді қамтиды: кеменiң атауы, кеме иесiнің атауы; авариялық жағдай болған күнi және орны; авариялық жағдай бойынша шығындардың жалпы сомасы (мыңның оннан бiрiне дейiнгi дәлдiкпен, теңгемен); кеменiң теңiзде жүзу сапасын қалпына келтiру үшiн авариялық зақымдануларды жоюдың құны; құтқару операцияларының және/немесе авариялық кеменi тiркеп сүйреудiң және/немесе онымен iлесiп жүрудiң құны; жоғалған жүктiң құны және/немесе авариялық жағдайдың нәтижесiнде оның зақымдануынан, қайта қалаудан, артық тиеуден келген шығындар. ТПӘ объективтi себептермен көрсетілген құжатты бере алмаған жағдайда, кеме капитаны өз бетiнше болмаса тәуелсiз сюрвейердің көмегiмен авариялық жағдай бойынша шамамен алынған шығын есебiн жасайды және ұсынады. 24. Авариялық жағдай туралы дәлелдердi iздеу қажет болған кезде авариялық жағдайға тартыл­ған кемелер келiп тоқтаған теңiз порттарының капитандары қажеттi ақпаратты жинауға қатысады. 25. Авариялық оқиғалар: 1) кеменiң апатқа ұшырауы; 2) авария; 3) авариялық оқиға; 4) пайдаланылу зақымдары болып жiктеледi. 26. Кеменің апатқа ұшырауына мынадай: 1) кеменiң қирауы немесе оның толық конструктивтiк бұзылуы нәтижесiнде қалпына келтiріп жөндеу мақсатқа сай болмаса; 2) кеме сүйретiп келе жатқан объектiнiң жоғалуы нәтижесiнде болған авариялық жағдайлар жатады. 27. Аварияға мынадай авариялық жағдайлар жатады: 1) адам (адамдар) өлiмiне әкелген жағдай. Оқиға егер адам өлiмi авариялық жағдай салдарынан болса авария болып жiктеледi. 2) жолаушылар кемесiндегі авариялық жағдай, кеменiң зақымдануы нәтижесiнде болған кем дегенде теңiзде жүзудiң бiр сапасын жоғалтатын немесе белгiлi бiр пайдаланымдық шектеулердiң пайда болуына байланысты өндiрiстiк қызметте кедергiнiң пайда болуына әкелетiн жағдай. 28. Авариялық оқиғаларға мынадай авариялық жағдайлар жатады: 1) нәтижесiнде кеменiң зақымдануына әкелген, теңiзде жүзудiң кем дегенде бiр сапасын және/немесе белгiлi бiр пайдаланылу шектеулерінiң пайда болуына байланысты өндiрiстiк қызметте кедергiнiң пайда болуына әкелетiн; 2) нәтижесiнде кеменiң су асты кабелiне, су асты құбыр өткiзгiштерiне, навигациялық жабдық құралдарына, жағалау құрылыстарына және өзге объктілерге зақым келiп, олардың пайдаланудан шығуына әкелген; 3) нәтижесiнде кеме алынған және/немесе келтірілген зақымданудың өлшемi мен сипатына қарамастан 24 сағаттан артық қайраңда тұрған; 4) нәтижесiнде кемедегi тасымалданатын жүк жылжып кетсе және/немесе ең болмағанда бір ке­ме­нің теңізде жүру сапасын жоғалтуға әкеп соғатын кеменің физикалық-химиялық қасиеттерi өзгерсе; 5) нәтижесiнде кемеге басқа кеменiң зақым келтiруi, қандай да бiр пайдаланылу шектеулеріне байланысты кеменiң (кемелердiң) өндiрiстiк қызметiне кедергi жасайтын жағдайлар; 6) арқандардың және/немесе торлардың еспелi винттерге және/немесе рульге оралуы орын алса, қандай да бiр пайдаланылу шектеулеріне байланысты кеменiң (кемелердiң) өндiрiстiк қызметiне 48 сағатқа және оданда артық уақытқа кедергi жасайтын жағдайлар. 29. Пайдаланылу зақымдануына мынадай авариялық жағдайлар жатады: 1) нәтижесiнде осы Қағиданың 28-тармағының 1), 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетiлген белгiлерге сай келмейтін кеменiң физикалық-химиялық қасиеттерiнiң өзгеруi және/немесе оның және басқа кеменiң зақымдануы немесе тасымалданатын жүктiң орын ауыстыруы; 2) жүзу сапасын жоғалтқанына қарамастан нәтижесiнде мұзды жерлермен жүзу кезiнде экипаждың дұрыс әрекет етуі кезiндегi кеме зақымдары; 3) нәтижесiнде теңiзде жүзу сапасын жоғалтқанына қарамастан, навигациялық қауiпсiздiк қамтамасыз етiлмеген жағдайда аудандарда немесе жүзу кезiнде экипаждың заңды әрекетi кезiнде кеменiң зақымдануы болған; 4) нәтижесiнде теңiзде жүзу сапасын жоғалтқанына қарамастан авариялық-құтқару операцияларын жүргiзу уақытында экипаждың заңды әрекетi кезiнде кеменiң зақымдануы болған; 5) нәтижесiнде кеменi пайдаланудан шығаруға әкелмеген навигациялық жабдық құралдарына зақымын тигiзген; 6) осы Қағиданың 28-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген белгiлерге жатпайтын, нәтижесiнде экипаждың теңiзде арқанмен байлау және/немесе жүк арту және/немесе бункерлiк операцияларды жүргізу уақытында заңды әрекеті кезiнде кеменiң зақымдануы; 7) нәтижесiнде кеме жиырма төрт сағаттан кем қайраңда тұрған болса, және бұл ретте кемінде бір теңiзде жүзу сапасын жоғалтуға әкелетiн және/немесе қандай да бiр пайдаланымдық зақым­данулардың пайда болуына байланысты өндiрiстiк қызметiне кедергi келтiретiн зақымдану болмаса; 8) кеменiң су асты кабельдерiн, су асты құбыр өткiзгiштiктерiн, жағалау құрылыстарын оларды пайдаланудан шығаруға әкелмеген басқа объектілерді елеусiз зақымдаумен байланысты авариялық жағдай. 30. Авариялық жағдайлар түрлерi, себептерi, салдары бойынша авариялық жағдайдарды жіктеу кестесіне сәйкес жіктеледі. 31. Авариялық жағдайды тергеу мерзiмi оның тiркелген кезінен бастап есептеледі, бұл жөнiнде уәкiлеттi органға және аумақтық уәкілетті органға хабарланады. Авариялық жағдайды тергеудi оның тiркелген күнiнен бастап отыз күн iшiнде ТПӘ жүргiзедi. Тергеу нәтижелерi бойынша ТПӘ қорытынды жасайды және тергеу материалдарының көшiрмелерiн уәкiлеттi органға, кеме иесiне және көлiк прокуратурасына бес жұмыс күні ішінде жiбередi. Құқық бұзушылықтар табылған жағдайда көрсетiлген материалдардың көшiрмелерi құқық қорғау органдарына жiберiледi. 32. ТПӘ-нің әрбiр негiзделген ұсынымы бойынша уәкiлеттi орган тергеу мерзiмiн он жұмыс күніне ұзартады. 33. Авариялық жағдайды тергеу нәтижесiнде ТПӘ мыналарды белгiлеуi тиiс: 1) кеменiң, экипаждың, жарақтардың, жабдықтың белгiленген талаптарға сәйкес келуi; 2) навигациялық жағдайды талдау; 3) авариялық жағдайға әкелген жағдайлар мен мән-жайлар; 4) авариялық жағдайға әкелген себептер, оның салдары мен сыныпталуы; 5) авариялық жағдайға қатысты адамдардың әрекетін оларға сыртқы факторлардың әсерiн есепке алып, бағалау, олардың психологиялық жай-күйi, шаршау деңгейi; 6) авариялық оқиғаға әкелген немесе болуына әсерiн тигiзген, кiмнiң нұсқауымен және қандай нормативтiк талаптардың бұзылғандығын, орындалмағандығын, сақталмағандығын көрсетуімен лауазымды тұлғалардың тізбесi; 7) ақталған тәуекелді есепке алып, жасалған әрекеттердiң теңiзде жүзу қауiпсiздiгi бойынша белгiленген талаптарға сәйкес келуi. Тәуекел бiр уақытта мынадай жағдайларда ақталған болып танылады: 1) тәуекел өзі арналған мақсатқа сәйкес болуы тиiс; 2) мақсатқа қарапайым, тәуекелмен байланысты емес әрекеттермен қол жеткізілуі мүмкiн емес; 3) тәуекел жалған залал келтіруге шамадан өтпеуі керек; 4) материалдық объектiлер, тәуекел нысаны болып табылады. 34. ТПӘ-нің лауазымды тұлғасы авариялық жағдайды тергеу барысында авариялық жағдайға қатысы бар адамдарға және куәгерлерге cұpaу жүргiзеді. Авариялық жағдайға қатысы бар адамдарға мен куәгерлерге сұрау жүргiзген кезде сұрау хаттамасы жүргiзiледi. Авариялық жағдайға қатысты тұлғалар мен куәгерлердi сұрау үшiн шақыру кеме иесiн немесе кеме капитанын ресми түрде ескерту жолымен жүргiзiледi. Егер сұралуға тиiстi тұлға тергеу органы орналасқан жерде болмаса, тергеу органының жеке тапсырмасы бойынша сұрау осы тұлғаның немесе куәгердiң тұрған жерi бойынша ұқсас тергеу органында жүргiзiледi. Егер сұралатын адам сұрау жүргiзiлетiн тiлдi бiлмесе, аудармашы шақырылады, оның қатысуы хаттамада көрсетiледi. 35. ТПӘ жүргiзетiн тергеу процесiне аудармашылар, тиісті мамандар тартылуы, зертханалық және басқа талдамалар немесе сараптамалар жүргізілуі мүмкін. Тергеуге аудармашыларды, тиiстi мамандарды тарту, зертханалық немесе өзге де талдауларды, сараптамалар мен тәжiрибелер жүргiзу қажеттiлiгiн ТПӘ-мен белгiлейдi. Кеме иесi ТПӘ-ге авариялық жағдайды тергеу жүргiзуде барлық көмектi көрсетедi. 36. Кеме иесi ТПӘ-нің қорытындысымен келiспеген жағдайда кеме иесі тергеу материалдарын алғаннан кейiн он жұмыс күнi iшiнде өзiнiң наразылығын уәкiлеттi органға жiбереді. Наразылық хаттың көшiрмесi ТПӘ-ге де жiберiледi. 37. Уәкiлеттi орган ТПӘ-нің қорытындысы мен авариялық оқиға бойынша материалдарды ол берiлген күнiнен бастап отыз жұмыс күн iшiнде қарайды, осыдан кейiн ол бойынша егер орын алса, кеме иесiнiң наразылығын есепке алып, мынадай шешiмдердің бірін қабылдайды, егер мұндай жағдай орын алса: 1) қорытындыны бекітеді; 2) қорытынды бойынша ескертуді көрсетіп пысықтауға жібереді; 3) отыз күнтізбелік күн мерзімге қосымша тергеуге жібереді. 38. Кеме иесi қорытындыны алғаннан кейiн алдағы уақытта осындай жағдайлардың қайтала­нуын болдырмайтын профилактикалық шаралар жүргiзедi, әрекеттерi авариялық жағдайға әкелген және/немесе ықпал еткен қызметкерлердi тәртiптiк және материалдық жауапкершiлiкке тартады, сондай-ақ кеменiң техникалық жай-күйiн, одан әрi пайдалану және/немесе жөндеу шарттарын анықтау мақсатында сыныптау қоғамға куәландыруға немесе Кеме қатынасының тіркеліміне жiбередi. Егер авариялық жағдай кеменi уәкiлеттiк органға куәландыруға ұсынуға мүмкiндiгі жоқ шетел портында немесе осындай бiрiншi кіру порты болып табылса, онда бұл кеме Қазақстан Республикасы таныған шетелдiк сыныптау қоғамына ұсынылады. 39. Авариялық жағдай кезінде ТПӘ-нің есепке алуына кеме иесi ұсынатын мынадай шығындар жатады: 1) кеме апаты болған жағдайда - кеме апатқа ұшыраған айдың алдыңдағы бiрiншi күнiне (тозуды есепке алмағанда) оның баланстық құны; 2) авариялық жағдай нәтижесiнде пайда болған бұзылуды жөндеудiң құны: кеменiң теңiзде жүзу сапасын қалпына келтiруге кеткен шығындар; құтқару операцияларының немесе авариялық кеменi тiркеп сүйреудiң құны; авариялық жағдай нәтижесiнде жүктiң зақымдануынан келген шығындар және/немесе шығындардың құны. Авариялық жағдай нәтижесiнде болған зақымдануларды жоюдың құнын анықтау үшiн авариялық зақымдануларды жою жөнiндегi жұмыстарды орындауға арналған сметалық калькуля­цияны пайдалану керек, бұл осы жұмыстарды орындаған (қазақстандық немесе шетелдiк) ұйымның есептерiне сәйкес жасалады. Сметалық калькуляцияға жұмыс күшiнiң шығыны, пайдаланылған материалдар, кеменi жөндеушi ұйымның үстеме шығындары мен доктау құны кiредi. Егер авариялық жағдайлар бойынша шығындар еркiн айырбасталатын валютамен берiлсе, онда оның сомасы авариялық жағдай оқиға болған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгiлеген бағам бойынша теңгеге аударылады. 40. Уәкілетті орган бекіткен ТӘП қорытындысы бойынша кеме иесi жүргiзетiн іс-шараларды бақылауды аумақтық уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 41. Авариялық жағдайды тергеу аяқталғаннан кейiн тергеудiң барлық материалдары жеке папкаға тiгiледi, беттерi нөмiрленiп, құжаттар тiзбес жасалады. Папка «Авариялық iс» деп аталады. 42. Тергеу органы уәкiлеттi органның тиiстi рұқсаты негiзiнде авариялық жағдайды тергеудi тоқтатыла тұрылуына негiз болған жағдайлардың мән-жайлар толық немесе ішінара жоққа шығарыл­ғанға дейiн тоқтата тұрады. Жоққа шығарылғанда ол уәкiлеттi органның шешiмiмен қайта басталады. Тергеу тоқтатыла тұрған жағдайда тергеу органы тергеудің тоқтатыла тұрғаны және оның тоқтата тұру негіздері туралы мүдделі тұлғалар мен көлік прокуратурасына үш жұмыс күні ішінде хабарлайды. Авариялық жағдайды тергеу мынадай жағдайларда толық немесе ішінара тоқтатыла тұрады: 1) заңда қөзделген тәртіппен куәландырылған, авариялық жағдайға қатысты тұлғаның уақытша психикалық бұзылуы немесе өзге де ауыр науқастануы; 2) авариялық жағдайға қатысты тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерде болуы; 3) авариялық тергеудің одан әрі жүргізілуіне кедергі болатын еңсерілмейтін күштің әрекеті; 4) тиісті сараптама жүргізу. Көрсетілген мән-жайлар жойылғаннан кейін, осы Қағидада белгіленген тәртіпке сәйкес авариялық жағдайды тергеу жүзеге асырылады.