Испания прокуратурасы «Барселона» сапында өнер көрсететін Неймарды екі жылға бас бостандығынан айырып, 10 млн.еуро көлемінде айыппұл салуды талап етті, деп хабарлады «Интерфакс».
Қазіргі уақытта сот жұмыстары жүріп жатыр. Бұл іс тағы да сол бұрынғы «Сантос» командасынан ауысқан кезде орын алған заң бұзушылық жөнінде. Бұдан бөлек, трансферге қатысы бар «Барселонаның» бұрынғы президенті Сандро Россель мен қазіргі басшысы Жозеп Мария Бартомеуге де айып тағылып отыр. Прокуратура экс-президентті бес жылға қамауға алуды талап етті.
Осыған дейін хабарланғандай, «Барселона» Неймарды сатып алу үшін 57 млн. еуро төлеген. Бұл соманың тек 17,1 млн. еуросы «Сантосқа» берілсе, қалған қаржы футболшыға иелік ететін компанияға, яғни ата-анасына аударылған. Алайда, тергеушілердің пікірі бойынша, ойыншы үшін 83,3 млн. еуро (кейбір мәліметтерде 94 млн. еуро) төленіп, «көк-анарлар» салық шығынын осылайша қысқартыпты.
Бұл тұста Бразилияның DIS инвестициялық компаниясы зардап шеккен. Marca басылымының ақпарынша, компания оны бес жылға қамалады деген үмітте.
Өткен жылдың қыркүйек айында Бразилия соты жалпы құны 48 млн.еуро болатын Неймардың барлық активтеріне шектеу қойып, өзіне 16 млн.еуро көлемінде салықтан жалтарды деген айып таққан болатын.
Айта кетейік, Неймар «Барселонаға» 2013 жылы «Сантос» командасынан ауысып келді. Осы уақыт аралығында Чемпиондар лигасын, УЕФА Суперкубогын, клубтық әлем чемпионатын, Испания суперкубогын, екі мәрте Испания кубогын жеңіп, екі мәрте Испания чемпионы атанды.
• 24 Қараша, 2016
Неймар екі жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін

Дубайда өмірлік жазаға тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 19:00
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңдарға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге өмір бойы берілетін регрестік төлемдер: Министрлік аралас модельді ұсынды
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38
Қазақстан Моңғолияға ғарыштан бақылау жүйесін құруға көмектеседі
Президент • Бүгін, 16:29
Мұғалімдерге ерекше балалармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы курстар енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 16:20
Астанада тәулігіне 1,5 мың тонна қалдық өңдейтін экопарк бой көтереді
Экология • Бүгін, 16:08
Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00