24 Қараша, 2016

«Shymkent сity» жобасына 427 га жер бөлінді

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
unnamed-1 «Shymkent сity» жобасын іске асыруға «Тұран» шағын ауданынан 427 гектар жер бөлінді. Ұлы Жібек жолының бойына орналасатын жаңа қаланың жобасымен БАҚ өкілдерін таныстыру мақсатында пресс-тур ұйымдастырылды. unnamed – Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жұмыстарын толығымен аяқтау үшін бюджеттен 6,7 млрд теңге қаржы бөлінген. Биыл ондағы 1,9 млрд теңге қаржысы игерілді. Бұл жұмыстарды 2017 жылы аяқтау көзделуде, – дейді қала әкімінің орынбасары Н. Көшеров. Болашақ жаңа қаланың орталық аумағында бой түзеген алғашқы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы да аяқталуға жақын. 9, 12, 16 қабаттан тұратын жалпы саны 316 тұрғын үй ғимараты келер жылдың соңына қарай пайдалануға беріле бастамақ. Бір сүйсінтетін жағдай, мұндағы пәтерлерге азаматтар «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы арқылы қол жеткізе алады. unnamed-2 Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан». Оңтүстік Қазақстан облысы.