24 Қараша, 2016

ОҚО-да 1166 заң бұзушылық анықталды

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ҚР еңбек заңнамасының сақталуын бақылау мақсатында осы жылдың 10 айында Оңтүстік Қазақстан облысының мекемелері мен кәсіпорындарында 702 тексеру жүргізілді. Бұл туралы облыстық Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы Басқар Есқараев айтты. Оның айтуынша, жүргізілген тексерулердің барысында 1166 заң бұзушылық анықталған. Оның 840 еңбек туралы, 254 еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша болса, 71-і өзге фактілер. Анықталған заң бұзушылықтардың ішінде 1035-і жойылып, заңға сәйкестендірілген. Басқарма басшысы өз есебінде аталған заң бұзушылықтың басым бөлігі еңбек заңнамасының сақталмауы, яғни, жұмысқа қабылданған қызметкерлермен еңбек шарттарының жасалмауы, жалақының уақытылы төленбеуі, үстеме, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа, сондай-ақ түнгі уақыттағы жұмысқа тиісінше ақы төлемеу, жұмыс берушілер тарапынан әйелдердің еңбек құқығына қысым жасалуы сияқты фактілерді келтірді. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан». Оңтүстік Қазақстан облысы.