Ертең, 25 қарашада ҚР Ұлттық музейінде Қазақстанда басталған қазақстандық біртектілік және жалпыұлттық бірлікті қалыптастыруға бағытталған жалпыұлттық «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп ұйымдастырылған «Үлкен ел – үлкен отбасы» фотокөрмесінің ашылуы өтеді.
«Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасының идеясын Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 22-сессиясында ұсынған болатын. Жоба қазақстандық біртектілікті және қоғамдық келісімді нығайтудың бұлтартпайтын үлгі-нұсқасы болды.
Фотокөрме тарихи феноменді – корей, ұйғыр, неміс, өзбек театрларының өзінің этникалық отанынан тыс жерде мемлекеттік деңгейде жұмыс жасайтын жалпыұлттық бірліктің және алуан түрлі мәдениеттің қазақстандық моделін ашып көрсетуге бағытталған.
Фототуындыларда бірінде ұлттық мерекенің сауық-сайраны, Наурыз мейрамындағы ұлан-асыр той, ел өміріндегі жауапты сәт – сайлау және т.б. бейнеленген.