Бүгін Ақордада жаңғырту жөнінде кеңес өткізген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент депутаттарының Астанаға «Нұрсұлтан» немесе «Назарбаев» атауын беру туралы бастамасына қатысты пікір білдірді.
«Бірдеңе болса, соған «нұр», «нұрлы» деген сөзді қосады. Соның бәрі менің жеке басыма байланысты деп ойлайды. Бұл тақырып туралы айтып жүргеніме көп болды. Бүкіл жерге «нұр», «нұрлы» деп жазсын деген тапсырманы мен берді деп ойлайтын шығар. Кеше ғана Парламент тіпті Астанаға менің атымды беру туралы болжам жасапты. Мен ондай болжам жасаған емеспін және ол туралы тіпті айтқан емеспін», - деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Елбасы: «25 жылдыққа орай барлығы сөз сөйлеп, біздің жетістіктеріміз жайында айтуда. Шындығында да мақтанарлық жайттар бар. Біз көп іс атқардық. Егер сіздер жанымда болмағанда жалғыз өзім ештеңе де істей алмас едім. 25 жыл бойы жақтастар іріктеп алуда жолым болды. Олар өз істерін жасады. Мен сіздерді команда деп есептеймін. Сондықтан да жетістіктер бар. Жалғыз адам ештеңе де жасай алмайды. Мен барлықтарыңызға, біздің Парламентімізге, депуттарымызға кешегі декларациялары үшін ризашылығымды білдіремін"- атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, кеше Қуаныш Сұлтанов бастаған бір топ депутаттар Астанаға «Нұрсұлтан» немесе «Назарбаев» деген ат беру туралы бастама көтерген болатын.
• 24 Қараша, 2016
Елбасы: Астанаға атымды беру туралы айтқан емеспін (видео)

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Кеше