Мемлекет басшысының төрағалығымен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия жұмысының мәселелері жөніндегі кеңес өтті. Кеңеске Премьер-Министр Б.Сағынтаев, Президент Әкімшілігінің басшысы Ә.Жақсыбеков, Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышев, Үкімет мүшелері мен мемлекеттік орган басшылары қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Президенті «100 нақты қадам» ұлт жоспарының іске асырылуы заңның үстемдігі қағидатын нығайтуға, мемлекеттік қызмет сатыларынан өту жүйесін жетілдіруге, бизнестің дамуына жағдай жасауға, қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға, сондай-ақ азаматтар алдында есеп беретін ашық Үкімет қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.
– Бұл бес тармақтың орындалуы Қазақстанның дамыған 30 ел қатарына қосылу кезеңі болып саналады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы мемлекеттік қызметшілерді қызмет нәтижелері бойынша көтермелеудің бонустық жүйесіне көшудің маңыздылығын, Әдеп кодексінің мүлтіксіз орындалу керектігін, өзге өңірге қызмет ауыстыру барысында мемлекеттік қызметкерлерді жекешелендіруге жатпайтын қызметтік баспанамен қамтамасыз ету ісін жандандыру қажеттігін айтты.
Елбасы конкурстық іріктеу негізінде мансаптық ілгерілеудің маңызды екеніне тоқталып өтті.
– Төменгі лауазымдағы мемлекеттік қызметкердің конкурс бойынша ілгерілеуі меритократия қағидатын нығайтудың қазіргі тиімді тетігі болып отыр, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы Қазақстанның экономикасы үшін маңызды жетістіктерге қол жеткізу және еліміздің әр азаматының әл-ауқатын арттыру Ұлт жоспары мен басты мемлекеттік бағдарламалардың түпкі мақсаты болып саналатынын айтты.
• 24 Қараша, 2016
Елбасы: "100 нақты қадам" - 30 елге қосылу кезеңі

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Кеше